Қазақстанда дін мен мемлекетті бөлуді Конституцияда нақты бекіту ұсынылды

Мемлекеттің барлық діни бірлестіктерге қатысты ұстанымы бейтарап болып қалуға тиіс. Бұл қоғамдық келісімнің, тұрақтылық пен мемлекеттік институттарға деген сенімнің кепілі. Осыған байланысты «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ақылбай Конституциялық Комиссияның бірінші отырысында Ата заңға дінді мемлекеттен бөлу туралы норманы енгізуді ұсынды.

Сарапшының пікірінше, Конституция жоғары заң күші актісі ретінде осындай сезімтал салада кеңейтілген түсіндірулерге жол бермеуі тиіс. Мәселе Конституцияда бекітілген зайырлылық қағидатын анағұрлым нақты және айқын құқықтық ресімдеуде.

«Біз діннің мемлекеттен бөліну қағидатын тікелей бекіту – бұл дін ұстанушылардың құқықтарын шектеу емес, керісінше, билік тарапынан оларға тең көзқарасты қамтамасыз етудің құқықтық кепілі екенін түсінуіміз қажет. Көпконфессиялы қоғамда мемлекет бейтарап төреші ретінде әрекет етуге міндетті. Менің судьялық тәжірибем растағандай, мемлекеттік аппарат пен діни догмалар арасындағы нақты аражік қана азаматтық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді. Осы қағидатты бекіте отырып, біз қоғамға айқын белгі береміз: заң баршаға ортақ, ал мемлекеттік шешімдер азаматтардың діни ұстанымдарына қарамастан, тек олардың ұтымды мүдделері негізінде қабылданады», – деді Серік Ақылбай.

Аталған ұсыныстың қоғамдық маңыздылығы туралы айта келе, ол қоғамдық келісім мен құқықтық тұрақтылықты нығайту қажеттілігіне негізделгенін атап өтті. Дінді мемлекеттен бөлу қағидатын конституциялық бекіту мемлекет мәлімдеген бағыттың қисынды әрі дәйекті дамуы болар еді.

«Мемлекет басшысы ел алдында сөйлеген сөздерінде мемлекеттің зайырлы сипаты қазақстандық мемлекеттіліктің іргелі қағидаты екенін бірнеше рет атап өтті. Атап айтқанда, Ұлттық құрылтайдың өткен отырысында Мемлекет басшысы еліміздің зайырлы сипатын айқындайтын нормаларды сақтау және күшейту қажеттігін ерекше көрсетті. Бұл ұстаным зайырлылықтың жай ғана формалды белгі емес, тұрақты дамудың, қоғамдық бірліктің және заң алдында баршаның теңдігінің маңызды негізі екенін айғақтайды», — деп түйіндеді ол.

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...