260 мың теңге: Студенттердің стипендиясы өсті

Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлжан Жарасованың айтуынша, 2020 жылдан бері елімізде студенттердің шәкіртақысы жыл сайын кезең-кезеңімен өсіп келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның мәліметінше, 2020 жылмен салыстырғанда бүгінгі күні шәкіртақы мөлшері екі есеге артқан. Ал биылғы оқу жылында студенттер өткен жылмен салыстырғанда шәкіртақыны 20 пайызға жоғары көлемде ала бастады.

Қазіргі таңда бакалавриат студенттеріне төленетін шәкіртақы мөлшері 52 мың теңгеден асады. Ал медицина және педагогика мамандықтары бойынша білім алатын студенттердің шәкіртақысы 84 мың теңгеге жеткен, — деді Гүлжан Жарасова ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Сонымен қатар магистратура мен докторантурадағы шәкіртақы көлемі де ұлғайтылған. Атап айтқанда, магистранттарға төленетін шәкіртақы 117 мың теңгеден асады. Ал докторанттар 230 мыңнан 260 мың теңгеге дейін шәкіртақы алады.

Әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандады 

Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 42 центке (0,47%) төмендеп, барреліне 88,56 долларды құрады.

Еліміздің 14 өңірінде аптап ыстық болады

13 тамызда бір өңірлерде аптап ыстық болса, тағы бір өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, тіпті бұршақ түседі деп болжанды,

Тоқаев АҚШ-қа барады: Сапар алдында Астана мен Вашингтон келіссөздерді бастады 

Майами қаласында өтетін «G20» саммитіне Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен қатысады.

Колумбияда үш күндік ұлттық аза тұту жарияланды 

10 тамызда Колумбияда болған магнитудасы 7,4 жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 230 адамнан асты.

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады 

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам баланың бірінші сыныпқа баруы күтіледі. Қазір олардың 320 мыңға жуығы мектепке қабылданды.