12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанда 292 мың адам АӘК алды: Қалай және кімге төленеді?

2025 жылы Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 54,4 мың отбасындағы 292,7 мың адамға тағайындалды. Төленген қаражаттың жалпы көлемі 33,4 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, атаулы әлеуметтік көмектің негізгі мақсаты – азаматтарға ақшалай қолдау көрсету ғана емес, сонымен қатар отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға бағытталған белсенді шараларға тарту арқылы қиын өмірлік жағдайдан шығуына жәрдемдесу.

Атаулы әлеуметтік көмек аясында бірнеше қолдау тетігі қарастырылған. Атап айтқанда, табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындалады.

Сонымен қатар, табысы аз отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі әр балаға ай сайын 1,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде қосымша төлем төленеді. 2025 жылы АӘК алушы отбасылар қатарындағы мектеп жасына дейінгі 91,1 мың балаға 4,1 млрд теңге сомасында қосымша төлем тағайындалған, — деп хабарлады Еңбек министрлігі.

Бұдан бөлек, атаулы әлеуметтік көмек алушыларды жұмыспен қамту шаралары да қамтылған. Олардың қатарында жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, қажет болған жағдайда біліктілікті арттыру курстарына жолдау және өзге де қолдау тетіктері бар.

АӘК тағайындауға өтінішті қазақстандықтар тұрғылықты жері бойынша мансап орталықтарына, ауылдық округ әкімдеріне, сондай-ақ электрондық үкімет порталы – egov.kz арқылы бере алады.

Қазақстанның тұңғыш вице-президенті кім?

Бұл лауазымды 1991-1996 жылдар аралығында Ерік Асанбаев атқарған. Ол - мемлекет қайраткері, дипломат, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстанның тұңғыш вице-президенті.

Үй алудың жаңа жолы: Келісімшарт та, тіркеу де онлайн болады

Сатып алу құқығымен берілетін тұрғын үйді онлайн рәсімдеуге арналған пилоттық жобаны іске қосылды.

Ет экспортына неліктен тыйым салынғаны белгілі болды

Қазақстанда ет экспортына қойылған шектеулердің салдары фермерлерге әсер етуі мүмкін.

Ассамблея орнына Халық кеңесі: Қандай өзгерістер болады?

Қызылордада Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтті. Отырыс барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясын таратылып, оның орнына Халық кеңесі құрылатынын мәлімдеді.

Қазақстандық банктердегі депозиттер 48 трлн теңгеге жетті

2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық банктердегі депозиттер көлемі 48 трлн теңгеге жетті, бұл 2024 жылмен салыстырғанда – 41,28 трлн теңгеге, яғни 16% артық.