Қазақстанның тұңғыш вице-президенті кім?

Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болады. Бұл туралы Ұлттық құрылтай отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Қазақстан тарихында бұған дейін де вице-президент қызметі болған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тұңғыш вице-президент кім?

Бұл лауазымды 1991-1996 жылдар аралығында Ерік Асанбаев атқарған. Ол — мемлекет қайраткері, дипломат, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстанның тұңғыш вице-президенті.

Кейін бұл қызмет таратылып, Ерік Асанбаев Қазақстанның Германиядағы елшісі болып тағайындалды.

Ерік Асанбаев 2004 жылы 23 тамызда өмірден өтті. 2023 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерік Асанбаев пен басқа да көрнекті тұлғалардың есімі еліміздің тарихында ерекше орын алуға тиіс екенін айтқан еді.

Ұлттық құрылтайдағы ұсыныс

20 қаңтарда Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтті. Ұлттық құрылтайда Президент маңызды мәлімдемелер жасады.

«Сөз Қазақстан Республикасының вице-президенті институтын құру және оны Конституцияда тиісті түрде бекіту туралы болып отыр. Вице-президентті Парламенттің келісімімен қарапайым көпшілік дауыспен Президент тағайындайды. Оның өкілеттігін Мемлекет басшысының өзі айқындайды», — деді Тоқаев.

Вице-президент Президенттің тапсырмасы бойынша:

  • халықаралық форумдарда және шет мемлекеттердің делегацияларымен келіссөздерде Қазақстан Республикасының мүддесін көрсетеді;
  • Парламентте Президенттің мүддесін танытады;
  • отандық және шетелдік қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағарту ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
  • Президенттің өзге де тапсырмаларын орындайды.

Әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандады 

Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 42 центке (0,47%) төмендеп, барреліне 88,56 долларды құрады.

Еліміздің 14 өңірінде аптап ыстық болады

13 тамызда бір өңірлерде аптап ыстық болса, тағы бір өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, тіпті бұршақ түседі деп болжанды,

Тоқаев АҚШ-қа барады: Сапар алдында Астана мен Вашингтон келіссөздерді бастады 

Майами қаласында өтетін «G20» саммитіне Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен қатысады.

Колумбияда үш күндік ұлттық аза тұту жарияланды 

10 тамызда Колумбияда болған магнитудасы 7,4 жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 230 адамнан асты.

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады 

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам баланың бірінші сыныпқа баруы күтіледі. Қазір олардың 320 мыңға жуығы мектепке қабылданды.