Үй алудың жаңа жолы: Келісімшарт та, тіркеу де онлайн болады

Сатып алу құқығымен берілетін тұрғын үйді онлайн рәсімдеуге арналған пилоттық жобаны іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының ақпаратынша, жоба «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-пен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.

Жаңа жүйе арқылы тұрғын үйге онлайн өтінім беруге және электрондық келісімшарт жасауға болады. Құжаттар мен құқықтарды тіркеу барлық кезеңде автоматтандырылған. Яғни өтініш беруден бастап, сатып алу сомасы толық төленгеннен кейін тұрғын үйге меншік құқығын рәсімдеуге дейін онлайн болмақ.

Пилоттық жоба жылжымайтын мүлік саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін автоматтандыруға және барынша жеңілдетуге бағытталған. Ол әлеуметтік осал топ өкілдеріне, бюджеттік сала қызметкерлеріне және қала құраушы кәсіпорындардың жұмысшыларына арналған, – делінген хабарламада.

Тіркеу мен мәміле тараптарының өзара іс-қимылы нақты уақыт режимінде бейнеконференцбайланыс арқылы жүргізіледі. 

Сонымен қатар, жүйеде заманауи цифрлық технологиялар, оның ішінде blockchain қолданылып, қызмет көрсету мерзімдері қысқарып, шығындар азайтылып, процесс ашық әрі қолжетімді болады.

Әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандады 

Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 42 центке (0,47%) төмендеп, барреліне 88,56 долларды құрады.

Еліміздің 14 өңірінде аптап ыстық болады

13 тамызда бір өңірлерде аптап ыстық болса, тағы бір өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, тіпті бұршақ түседі деп болжанды,

Тоқаев АҚШ-қа барады: Сапар алдында Астана мен Вашингтон келіссөздерді бастады 

Майами қаласында өтетін «G20» саммитіне Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен қатысады.

Колумбияда үш күндік ұлттық аза тұту жарияланды 

10 тамызда Колумбияда болған магнитудасы 7,4 жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 230 адамнан асты.

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады 

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам баланың бірінші сыныпқа баруы күтіледі. Қазір олардың 320 мыңға жуығы мектепке қабылданды.