12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – әділ қоғам құрудың негізгі факторы


Қазіргі кезеңде сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Алайда бұл күрес тек құқық қорғау шараларымен немесе жазалау тетіктері мен шектелмеуі тиіс. Сыбайлас жемқорлықтың алдыналудың ең тиімді жолы – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Бұл мәдениет әділ, ашық және құқықтық қоғам құрудың негізгі факторы ретінде ерекше маңызға ие.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл азаматтардың құқықтық санасы мен моральдық ұстанымдарының жиынтығы. Ол заңға құрметпен қарауды, адалдық пен әділдікті өмірлік қағидар етінде қабылдауды және кезкелген заңсыз әрекетке төзбеушілікті білдіреді.

Мұндай мәдениет қалыптасқан қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді, өйткені азаматтардың өздері заңсыз әрекеттерді қабылдамайды әрі оған қарсы тұруға дайын болады. Бұл құндылықтар жүйесі құқықтық мемлекеттің берік іргетасы болып табылады.

Әділ қоғам – заң бәріне бірдей қолданылатын, азаматтардың құқықтары тең қорғалатын қоғам. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет осы қағидаттардың іске асуына тікелей ықпал етеді. Себебі жемқорлық әділдікті бұзып, әлеуметтік теңсіздікке жол ашады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасқан жағдайда мемлекеттік шешімдер заңға және қоғамдық мүддеге сай қабылданады. Бұл қоғамдағы әділеттілік сезімін күшейтіп, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда мемлекеттік органдардың рөлі айрықша. Мемлекеттік қызметшілердің ашықтығы, адалдығы және есептілігі қоғам үшін үлгі болуы тиіс. Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы мен шешімдері азаматтардың мемлекеттік билікке деген сенімін айқындайды.

Осы бағытта профилактикалық шаралар, түсіндіру жұмыстары және ішкі бақылау тетіктері маңызды орын алады. Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуі қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тек мемлекеттік деңгейде емес, бүкіл қоғамда қалыптасуы тиіс. Азаматтық қоғам институттары, бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық ұйымдар бұл бағытта маңызды функция атқарады.

Қоғамдық бақылау мен ашық пікір алмасу сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал етеді. Азаматтардың белсенділігі мен құқықтық сауаттылығы артқан сайын жемқорлыққа қарсы мәдениет те нығая түседі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ұзақ мерзімді әрі жүйелі үдеріс болып табылады. Бұл үдеріс ең алдымен білім беру саласынан басталуы тиіс. Мектептен бастап адалдық, әділдік және заңға құрмет құндылықтарын қалыптастыру болашақта жауапты әрі саналы азаматтарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Жастар арасында құқықтық білімді арттыру, сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу – әділ қоғам құрудың маңызды алғышарты.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет құқықтық мемлекеттің қалыптасуына және тұрақты дамуына тікелей әсер етеді. Жемқорлық деңгейі төмен елдерде экономика тұрақты дамып, инвестициялық тартымдылық артады, әлеуметтік әділдік қамтамасыз етіледі.

Бұл өз кезегінде халықтың өмір сүру сапасын жақсартып, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтады.

Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – әділ қоғам құрудың негізгі факторы болып табылады. Ол заң үстемдігін қамтамасыз етуге, қоғамдық сенімді нығайтуға және әлеуметтік әділеттілікті орнатуға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Бұл бағыттағы жүйелі әрі тұрақты жұмысқа әділ, ашық және құқықтық қоғам құруға мүмкіндік береді.

Қызылорда қаласының әкімшілік

құқық бұзушылықтар жөніндегі

мамандандырылған сотының

судьясы Искакова Г.

Кассациялық сот – заң үстемдігі мен сот тәжірибесінің бірізділігін қамтамасыз ететін жоғары саты

Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолындағы басты қағидаттардың бірі...

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтау – кәсіби жауапкершілік пен қоғамдық сенім өлшемі

Қазіргі заманғы құқықтық мемлекетте мемлекеттік қызметшілердің рөлі ерекше. Олар...

Жастар арасында заңға құрмет қалыптастыру бағытында кездесу өтті

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасына сәйкес, жастар арасында заңға құрмет...

Основа анализа и принятия решений

В № 4 «ЮГ» МЫ ПИСАЛИ О ДВУХДНЕВНОЙ ЗИМНЕЙ...

Выявлены каналы хищения нефтепродуктов

Департамент полиции Шымкента на основе оперативной информации задержал группу...