Жастар арасында заңға құрмет қалыптастыру бағытында кездесу өтті

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасына сәйкес, жастар арасында заңға құрмет қалыптастыру бағытында Әлихан Бөкейханов атындағы №1 мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесу өтті.

Жиынға Тараз қаласы №2 сотының судьясы Б.Төребекұлы, Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаты А.Арзымбетова қатысты.

Жиында оқушылар заң үстемдігі, қоғамдағы тәртіп пен заңның өзара байланысы, құқықтық мемлекет қалыптастырудағы сот жүйесінің рөлі жайында жан-жақты ақпарат алды.

Оқушыларға дәрістер оқылып, құқықтық сана — заң мен тәртіпті сақтаудың алғышарты, ал заң мен тәртіп — тұрақты қоғам кепілі екендігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сандуғаш Бештаева жетекшілік ететін Ә. Бөкейханов атындағы №1 мектеп-гимназияның 8-сынып оқушылары жиын соңында көкейкесті сұрақтарға жауап алып, пікір алмасып, сот және заңгер маманының жұмыстарымен толық танысты.

Тараз қаласы №2 сотының баспасөз қызметі

Заң мен тәртіп – құқықтық мемлекеттің негізі

Құқықтық мемлекеттің басты құндылығы – заңның үстемдігі, азаматтардың құқықтары...

СУДЬЯ ӘДЕБІНІҢ КОДЕКСІ – КӘСІБИ ӨЛШЕМДЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ

Сот төрелігі – заңды қолдану ғана емес, әділдікті жүзеге...

Салауатты өмір салтына бірге: сотталғандар жолдастық ойын өткізді

Семей қаласындағы футбол алаңында Абай облысы бойынша қауіпсіздігі барынша...

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...