Теңіз кенішінде мұнай өндіру уақытша тоқтатылды

«Теңізшевройл» ЖШС Теңіз және Королевское кеніштерінде мұнай өндірудің уақытша тоқтатылғанын растады. Бұл туралы компанияның қоғамдық байланыс жөніндегі қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл шешім өндірістік нысандардағы кейбір электр энергиясын тарату жүйелеріне қатысты жағдайға байланысты сақтық шарасы ретінде қабылданған.

Жарақат алған қызметкерлер жоқ, персоналдың қауіпсіздігі компания үшін ең жоғары басымдық болып қала береді. ТШО техникалық қызметтері жағдайдың негізгі себебін анықтау үшін белсенді түрде жұмыс жасап жатыр, олардың басты мақсаты — туындаған жағдайды қауіпсіз түрде жою, – қоғаммен байланыс менеджері Фархат Әбілов.

Сонымен қатар ол компания мүмкін болатын салдарды азайту үшін мемлекеттік органдармен тығыз байланыста екенін айтты.

«Теңізшевройл» Теңіз кенішінің және барлық өндірістік нысандардың қауіпсіз екенін және сенімді қорғаныс астында екенін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Теңіз кенішінде трансформатор өртенгені хабарланған болатын. Оқиға фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне қатысты

Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді.

Аида Балаева Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Аида Балаева Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.

Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды 

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Алматыда қамауға алынды.

Елімізде БЖЗҚ-ның жеткіліктілік шегі өзгереді

Бір күн қалды - Қазақстанда БЖЗҚ-ның жеткіліктілік шегі өзгереді.

Көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы жәрдемақы көлемі жарияланды 

Бүгінде әлеуметтік қолдау ауқымы миллиондаған адамды және жүздеген миллиард теңгені қамтып отыр.