12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

MUNIX 2026

Алматы–Наурызбай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақстан тарихындағы ең ауқымды MUN конференциясы — MUNIX 2026 (Model United Nations of Intellectual Exchange) өтті. Екі күн бойы мектеп халықаралық диалог орталығына айналып, еліміздің 15-тен астам қаласы мен өңірінен келген 250 қатысушыны, соның ішінде 16 Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен басқа да оқу орындарынан қатысушыларды біріктірді.

MUNIX 2026 кездейсоқ ұйымдастырылған жоба емес — ол 2025 жылғы 22–23 наурызда өткен алғашқы конференцияның табысты нәтижесіне сүйеніп өткізілді. Сол кезде әртүрлі НЗМ оқушылары арасындағы зияткерлік алмасу идеясын жүзеге асыруға негіз қаланды. Жоба «LEGACY» (НЗМ Алматы–Наурызбай) және «QYRAN» (НЗМ Қызылорда) клубтарының бірлескен еңбегінің арқасында жүзеге асты. 2025 жылы конференция Қазақстанның 14 қаласынан 200-ден астам қатысушыны жинап, бұл форматтың өзектілігі мен сұранысқа ие екенін көрсетті.

Алғашқы жылдың жетістігі ірі серіктестердің назарын аудартты. MUNIX 2025 конференциясына Қазақстандағы БҰҰ өкілдері, Saya Education мектебінің негізін қалаушы және IELTS емтиханынан 9.0 балл алған алғашқы түлек — Сая Кидирали демеушілік көрсетті. 2026 жылы конференция өз рекордын жаңартып, 250 делегатқа жетіп,  БҰҰ,  IDP IELTS Kazakhstan, Saya Education және Theoria Edu ұйымдарының қолдауына ие болды.

MUNIX 2025 және 2026 конференциясының бас ұйымдастырушысы — НЗМ Алматы–Наурызбай мектебінің оқушысы Амантай Ақниет және осы мектепте құрылған «LEGACY» MUN клубы болмақ. Оның жетекшілігімен конференция кәсіби деңгейде ұйымдастырылған пікірталас алаңына айналды. Қатысушылар терроризм, балалар аштығы, қарулы қақтығыстар, мұхиттардың ластануы сияқты жаһандық мәселелерді талқылап, оларды шешудің дипломатиялық жолдарын ұсынды. Конференция барысында 3 тілде 9 комитет жұмыс жасап, екі күндік талқылаулардың нәтижесінде осы жылы НЗМ Шымкент-Абай ACE MUN клубының оқушылары үздік делегация номинациясын иеленген болмақ. Еске сала кетсек, 2025 жылғы MUNIX конференциясында НЗМ Талдықорғандағы AMITY MUN клубының оқушылары үздік делегация номинациясының  жеңімпаз иегерлері атанған.

Бүгінде MUNIX — Қазақстанда жастар дипломатиясының қалай қалыптасып, дамып келе жатқанының айқын көрінісі. Бұл жоба жыл сайын өтетін дәстүрлі конференцияға айналып, еліміздің түкпір-түкпірінен келген жүздеген белсенді оқушыға өз ойын еркін жеткізуге, пікір алмасуға және жаһандық деңгейде ойлауға мүмкіндік беріп отыр.

Авторы: Амантай Ақниет

Кузница молодых лидеров

В Назарбаев Интеллектуальной школе Алматы–Наурызбай прошла самая масштабная MUN-конференция...

Реформалардың мәні – 5: Ықпалды Парламент

Бұған дейінгі мақаламызда Президент реформаларының маңызына кеңінен тоқталып, орталықсыздандыруды...

Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілетудегі сот жүйесінің рөлі

Құқықтық мемлекет құру жолындағы басты құндылықтардың бірі — заң...

Негізсіз баю және оны заң аясында өндіріп алу

Қоғамда азаматтар мен ұйымдар арасында мүліктік қатынастар жиі кездеседі....

Соттағы татуласу рәсімдері: дауды бейбіт жолмен шешу мүмкіндігі

Қазіргі уақытта сот жүйесінде дауларды бейбіт жолмен шешу әдістері...