Отбасындағы бала тәрбиесі

Отбасы – баланың тұлға болып қалыптасуындағы ең алғашқы әрі ең маңызды орта. Баланың мінез-құлқы, дүниетанымы, адамгершілік қасиеттері ең алдымен отбасында қалыптасады. Сондықтан отбасындағы тәрбие – қоғамның болашағын айқындайтын негізгі факторлардың бірі.
Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі ерекше. Ата-ана балаға тек өмір сүру үшін қажетті жағдай жасап қана қоймай, оған дұрыс бағыт-бағдар беруі тиіс. Үлкенге құрмет, кішіге ізет, еңбекқорлық, адалдық, жауапкершілік сияқты құндылықтар ең алдымен отбасында үйретіледі. Бала ата-анасының іс-әрекетіне қарап, солардан үлгі алады. Сондықтан ата-ананың сөзі мен ісі бірдей болуы өте маңызды.

Отбасындағы қарым-қатынас та бала тәрбиесіне тікелей әсер етеді. Үйде мейірім мен сыйластық орнаған болса, бала өзін қауіпсіз сезінеді, өз ойын еркін жеткізе алады. Ал үнемі ұрыс-керіс болатын отбасында өскен бала тұйық, сенімсіз немесе агрессивті болып өсуі мүмкін. Сол себепті ата-аналар баламен жиі сөйлесіп, оның пікірін тыңдап, түсінуге тырысуы қажет.
Бала тәрбиесінде ұлттық тәрбиеге де ерекше көңіл бөлген жөн. Қазақ халқы «Тәрбие – тал бесіктен» деп бекер айтпаған. Салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты, ана тілін құрметтеу арқылы бала өз халқының мәдениетін танып өседі. Бұл оның рухани бай, елжанды азамат болып қалыптасуына көмектеседі.

Қорытындылай келе, отбасында берілген тәрбие – баланың бүкіл өміріне әсер ететін негіз. Ата-ана өз міндетін жауапкершілікпен атқарып, балаға сүйіспеншілік пен дұрыс тәрбие бере алса, болашақта саналы, тәрбиелі, қоғамға пайдалы тұлға қалыптасады.

Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы С.Нахипов

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...