12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Баспана бағасы қашан төмендейді? Дәулет Мұқаев кеңес берді

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев тұрғын үйді сатып алуға ең қолайлы кезең туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, баспана алуды жоспарлаған азаматтар үшін ақпан мен наурыз айлары ең тиімді уақыт саналады.

Депутаттың сөзінше, бұл кезеңде жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс төмен болады. Осы себепті баға да салыстырмалы түрде тұрақты сақталады.

Ақша бар кезде үй ала берген дұрыс. Әдетте ақпан-наурыз айлары – сұраныс азаятын кезең. Осы уақытта сатып алу тиімді, – деді ол.

Ал жаз айларында, күзде, жылдың соңындағы қыс мезгілінде және көктемнің ортасына қарай тұрғын үйге деген сұраныс арта түседі. Сұраныс көбейген сайын, баға да қымбаттайтынын депутат атап өтті.

Осыған байланысты Дәулет Мұқаев үй алуды жоспарлаған азаматтарға нарықтағы сұраныс төмен кезеңді тиімді пайдалануға кеңес берді.

АӘК пен жұмыссыздық жәрдемақысы: Кімге қандай көмек беріледі?

Атаулы әлеуметтік көмек пен жұмыссыздық бойынша жәрдемақының екеуі де табысынан айырылу төлемімен байланысты.

Жеке табыс салығынан кімдер босатылады?

1 қаңтардан бастап Қазақстанда жеке табыс салығына қатысты бірқатар өзгеріс күшіне енді. Бұл өзгерістер кей азаматтардың табысына салық салынбауына, яғни ЖТС төлеуден босатылуына мүмкіндік береді.

4 пайыздық автонесие қайта іске қосыла ма? – Министрлік жауап берді

Қазақстанда 4 пайыздық автонесие бағдарламасының қайта іске қосылуы қоғамда жиі талқыланып жүр.

К новой архитектуре законотворчества

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ ОБСУЖДЕНИЕ ОДНОЙ ИЗ КЛЮЧЕВЫХ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНЫХ РЕФОРМ ПОСЛЕДНИХ ЛЕТ – ОБНОВЛЕНИЕ ПАРЛАМЕНТСКОЙ СИСТЕМЫ. НА ФОНЕ ШИРОКОГО ОБЩЕСТВЕННОГО ДИАЛОГА И ПОСТУПАЮЩИХ ПРЕДЛОЖЕНИЙ ОТ ГРАЖДАН И ЭКСПЕРТОВ ФОРМИРУЮТСЯ ПОДХОДЫ К БУДУЩЕЙ МОДЕЛИ ПАРЛАМЕНТА, ЕГО ПОЛНОМОЧИЯМ И МЕСТУ В СИСТЕМЕ ГОСУДАРСТВЕННОЙ ВЛАСТИ.

Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы Қызылорда қаласында өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысын 2026 жылғы 20 қаңтарда Қызылорда қаласында өткізу туралы шешім қабылдады.