12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мемлекеттік тіл – құндылықтың басты белгісі

                Тіл – ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз бір белгісі. Қандай да бір халықтың болмысы, өркениеттілігі, саналығы, кең мағынасында сауаттылығы соның тіл мәдениетімен, сол тілдің қолданыс ауқымдылығының кеңдігімен өлшенеді. Еліміз егемендік алып, ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді. Белгілі бір тілдің мемлекеттік мәртебеге ие болуы оңай міндет емес, себебі ол тіл сол мемлекет иесі болып отырған халықтың мүддесінен шығып, барлық саладағы мұқтаждықты өтей алатын дәрежеде болуы шарт деп білемін. Әр елдің өзінің өнер, әдебиет, мәдениетте, баспасөз, дипломатиялық қарым-қатынас, ғылым, өндіріс, ресми іс-қағаздар тағы басқа салаларға дейін қызмет ететін қоғамның қажетті құралына айналуы қажет. Демек, қоғамныңда мемлекеттік тілге үлесі басым,  бастауды ең алғы шарттары деп білемін.

                Мемлекеттік тіл мемлекеттік маңызды мәселе болғандықтан,  ол азаматтық, патриотизм, мәдени тұтастық сияқты ұғымдармен тығыз байланысты. Түптеп келгенде, ол өңірдің, елдің ұлттық қауіпсіздігі, әлеуметтік тұрақтылығы мен интеллектуалды даму мәселесі де. Сонымен бірге, мемлекеттік тіл – мемлекеттің бет-бейнесі, туы, елтаңбасы, әнұраны сияқты рәмізі болып табылады.

         Ол – азаматтық патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншіліктің негізі бола отырып, ел азаматтарын біріктіретін күш. Тіл – елдің мәдениетін қалыптастыратын ұйытқы, ұлттық бірліктің негізі, адамның рухани және имандылық қасиеттерінің басты факторы. Тіл білу халықты, оның тарихын, тұрмысы мен әдет-ғұрпын және салт-дәстүрлерін терең тануға жол ашады. Басқаларға ұлттық мемлекет ретінде танылғымыз келсе, біз ең алдымен қасиетті ана тілімізді сақтауымыз керек. Тілі жоғалған күні ұлттың өзі де жоғалатыны белгілі. Тілін жоғалтып, артынан өздері ұлт ретінде жоғалып кеткен халықтар қаншама.

         Мемлекеттік тіл – сол елдің халқын біріктіретін, ортақ істерге жұмылдыратын, елге деген перзенттік ықыласты қалыптастыратын бірден-бір құрал. Бір тілде сөйлемеген халық біріге де алмайды, өздерін бір шаңырақтың мүшесімін деп те сезіне алмайды. Тарихтан да белгілі, қандай ел болмасын бостандық алғаннан соң ең бірінші бәсеке жағдайында  күшті ұлттар ған өз мүддесі үшін күресе алады. Күшті ұлт болу үшін күшті мәдениет қалыптасу керек. Сонда ғана әлемдік өркениет кеңістігінен өзіне тиесілі орында ала алады.

         Әрқашан елім деп соғар әр азамат пен азаматшаның елге деген, тілге деген құрметі мәңгі сөнбеуі керек деп білемін.

Нұргелді Әбілдин, Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің  бас маманы-сот отырысының хатшысы

«Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған телемост өтті

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2025 жылғы 20 қазандағы...

В Карасайской ЦРБ впервые проведена малоинвазивная операция ПЭГ

В ГКП на ПХВ «Карасайская клиническая многопрофильная центральная районная...

Казахстанский коуч извинился за оскарбление материа ребенка с особенностями

В сети активно распространяется видео, которое коуч Сабырбай выложил...

Алқабилерге де жауапкершілік бар

Сотқа алқабидің міндеттерін атқару үшін дәлелсіз себептермен келмеген азаматтың...