Қазақстанда инфляция 9,7 пайызға дейін баяулайды

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы жылдық инфляция 12,3 пайыз болды. Бұл көрсеткіш алдын ала жасалған болжамға сәйкес келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еуразиялық даму банкі (ЕАБР) апталық макроэкономикалық шолуында Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Ресей экономикаларындағы негізгі үрдістерге тоқталды.

Қазақстан: коммуналдық тарифтер мен бензинге мораторий инфляцияны тежеді

ЕАДБ мәліметінше, инфляция қарқынының тұрақтануына Қазақстан Үкіметінің коммуналдық қызметтер мен бензин бағасын одан әрі қымбаттатуға мораторий енгізу туралы шешімі айтарлықтай әсер етті.

Сарапшылардың пікірінше, аталған шаралар баға өсімін тежеуге мүмкіндік берген.

2026 жылы жоғары пайыздық мөлшерлемелердің сақталуына байланысты инфляция деңгейі 9,7 пайызға дейін баяулайды деп күтілуде, — дейді ЕАДБ сарапшылары.

Беларусь: алтын-валюта резервтері рекордтық деңгейге жетті

2025 жылдың желтоқсан айында Беларусьтің алтын-валюта резервтері 0,53 млрд АҚШ долларына өсіп, 2026 жылдың басында 14,43 млрд долларды құрап, тарихи рекордқа жетті.

Резервтердің өсуіне негізгі ықпал еткен фактор – сыртқы нарықта шетел валютасының таза ұсынысы аясында шетел валютасындағы резервтік активтердің 0,3 млрд долларға артуы болды. Сонымен қатар, әлемдік нарықтарда алтын бағасының айлық есеппен 3%-ға қымбаттауы резервтер құрылымындағы алтынның құнын 0,21 млрд долларға арттырды.

Жалпы алғанда, 2025 жылы Беларусьтің алтын-валюта резервтері 1,6 еседен астам, яғни 5,5 млрд долларға өсті. Оның ішінде шамамен 2,5 млрд доллар шетел валютасындағы резервтер есебінен қамтамасыз етілді.

2025 жылы Беларусь алғаш рет алтын-валюта резервтері бойынша халықаралық қауіпсіздік өлшеміне – үш айлық импорт көлемін жабу талабына қол жеткізді.

Қырғызстан: тұтынушылық кредиттеу экономиканы жандандыруда

2025 жылдың қаңтар-қараша айларында Қырғыз Республикасында коммерциялық банктердің кредит беру көлемі жылдық есеппен 35,8%-ға артты.

Салалық құрылымда сауда мақсатында берілетін несиелердің үлесі 26%-ға дейін төмендеді (2024 жылғы осы кезеңде – 35%). Ал тұтынушылық кредиттеудің үлесі бір жыл ішінде 11,2 пайыздық тармаққа өсіп, жалпы кредит портфелінің 45,9%-ын құрады.

ЕАБР сарапшыларының бағалауынша, кредит берудің 76% деңгейіндегі экономикалық серпіні жаңа қарыздардың негізінен тұтыну секторында шоғырлануына байланысты. Бұл үрдіс жылдың басында ішкі сұранысты сақтауға және экономикалық белсенділіктің артуына ықпал етеді.

Банк болжамына сәйкес, 2026 жылы Қырғызстанның ЖІӨ өсімі 9,3% деңгейінде қалыптасуы мүмкін.

Ресей: тұтыну сақталғанымен, инвестициялар қысқарды

2025 жылдың III тоқсанында Ресейдің жалпы ішкі өнімі жылдық есеппен 0,6%-ға өсті. Бұл II тоқсанда тіркелген 1,1%-дық өсімнен төмен көрсеткіш.

Жоғары тұтынушылық белсенділіктің басты факторы – үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтыну шығындарының 3,3%-ға артуы, бұл ЖІӨ өсіміне 1,7 пайыздық тармақ қосты. Мемлекеттік басқару органдарының тұтынуы 1,8%-ға өсіп, экономикалық өсімге қосымша 0,3 пайыздық тармақ үлес қосты.

Сонымен қатар, жалпы қор жинақтау 9,6%-ға қысқарды, оның ішінде негізгі капиталға салынған инвестициялар 1,1%-ға төмендеді, бұл экономикалық динамикаға кері әсер етті.

ЕАБР болжамы бойынша, орта мерзімді кезеңде тұтыну өсімі сақталады, ал 2026 жылы Ресей экономикасының өсімі 1,4% деңгейінде болады.

Между долгом и справедливостью

ДЕПУТАТЫ ПОДВЕРГЛИ КРИТИКЕ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ ЧАСТНЫХ СУДЕБНЫХ ИСПОЛНИТЕЛЕЙ И НАМЕТИЛИ ПУТИ РЕФОРМЫ СИСТЕМЫ ИСПОЛНИТЕЛЬНОГО ПРОИЗВОДСТВА, ПОДЧЕРКНУВ НЕОБХОДИМОСТЬ УСИЛЕНИЯ ЗАЩИТЫ ПРАВ ГРАЖДАН, ПРОЗРАЧНОСТИ РАБОТЫ ЧСИ И ВНЕДРЕНИЯ СОВРЕМЕННЫХ ЦИФРОВЫХ ИНСТРУМЕНТОВ КОНТРОЛЯ.

БIЗДI БIРIКТIРЕТIН — ОРТАҚ ОТАНҒА ДЕГЕН АДАЛДЫҚ

Қазақстан Республикасының Судьялар одағының атынан баршаңызды 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Өрт қаупі күшейді: ТЖМ тұрғындарға үндеу жасады 

Жылы күндердің басталуына және өрт қауіпті маусымның келуіне байланысты табиғи өрттердің туындау қаупі артып отыр.

Бір шаңырақ астындағы халық: Қазақстанның этнос құрылымы қалай өзгеріп жатыр?

2026 жылдың басында республика бойынша қазақтардың үлесі 71,5%-дан асады.Қазақстандағы...

Қазақстан халқының бірлігі күні: мерекеге орай қайда баруға болады?

1996 жылға дейін Қазақстанда 1 мамыр Еңбек күні ретінде...