Қолма-қол ақша алуға шектеу енгізілгені рас па?

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда банк шоттарынан қолма-қол ақша алудың жаңа тәртібі күшіне енді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Былтыр Ұлттық банк, Қаржы министрлігі және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірлескен қаулы қабылдады. Соған сәйкес кәсіпкерлер белгіленген шектен артық қолма-қол ақша алған жағдайда ақша алуының мақсатын түсіндіруге міндетті.

Жаңа ереже кімдерге қатысты?

Жаңа талаптар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді және:

  • заңды тұлғаларға;
  • жеке кәсіпкерлерге қолданылады.

Алайда қолма-қол ақша алуға қатысты шектен ресми түрде босатылғандар бар, олардың тізімін Ұлттық банк жеке бекітеді.

Ай сайынғы шек 

Ұлттық банк бекіткен шектеулер:

  • шағын бизнеске — айына 20 миллион теңгеге дейін;
  • орта бизнеске — 120 миллион теңгеге дейін;
  • ірі бизнеске — 150 миллион теңгеге дейін.

Ақшаны қалай шешуге болады?

Белгіленген шек бойынша

Кәсіпкер банкке өтініш жолдайды, банк ақшаны қалыптасқан тәртіппен береді.

Шектен асқанда

Белгіленген мөлшерден артық сома қажет болса, кәсіпкер:

  • қолма-қол ақша алу мақсатын құжаттармен дәлелдеуге тиіс (шарт, шот, тізім, сатып алу актісі, инвойс, смета, бұйрық және т.б.).

Тексеріс қалай өтеді?

Шектен асқан жағдайда банк келесі жұмыс күні сағат 10:00-ге дейін Мемлекеттік кірістер комитетіне:

  • өтінішті,
  • артық сома көлемін,
  • мақсатын,
  • компания деректерін,
  • құжаттарды,
  • келісімді жолдайды.

Мемлекеттік кірістер комитеті келесі жұмыс күнінің аяғына дейін:

  • қауіп болса, ақшаны беруден бас тарта алады;
  • қауіп болмаса, ақшаны беруге рұқсат етеді.

3 жұмыс күні ішінде жауап болмаса, банк ақшаны беруге міндетті.

Тексеріс нәтижесі 1 ай бойы жарамды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы отандастарымызды Ұлттық кітап күнімен құттықтады.

Алматыдағы «Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімовтің есімі берілді

Алматы қаласында «Жаңа ғасыр» театрына қазақ театр және кино өнерінің көрнекті қайраткері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің есімі берілді.

Жұмыссыздарға төленетін жәрдемақының мерзімі қысқарады

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаев мәлімдеді.

Жемқорлық рейтингі: Қазақстандағы ахуал қандай? 

Қазақстан Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде (CPI) 96-орынға ие болды. 

Қазақстанда ауқымды жел станциясы салынбақ 

Астанада өтіп жатқан өңірлік экологиялық саммит – RES 2026 кулуарында Энергетика министрлігі Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры Тұрар Әлімжан экология, су ресурстары және энергетика саласына қатысты пікір білдірді.