Тұман, боран, көктайғақ: 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжамынша, көптеген аймақтарда тұман, қар, көктайғақ пен боран күтіледі. Алматы және Астана қалаларында түнде және таңертең тұман түседі. Шымкентте кей уақытта тұман байқалады. Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында тұман болып, батысы мен шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында тұман мен көктайғақ күтіледі, кей өңірлерде жел екпіні 20-25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Қостанай облыстарында қар жауып, боран соғады. Кейбір өңірлерде төменгі боран мен көрінудің нашарлауы ықтимал.

Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға, алыс жолға шықпауға және жол қозғалысы кезінде аса мұқият болуға шақырады.

127 мың талапкер, 75 мың грант: Биылғы конкурс қалай өтеді?

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 127 мыңға жуық талапкер өтініш тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға артық.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қай санатта?

Өзін-өзі жұмыспен қам­тыған адам – жаңа Салық кодексіндегі экономикалық белсенді азамат­тардың жаңа санаты. Оған дербес қызмет көрсететін немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз жұмыс істейтін, жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын және салық заңнамасында белгіленген шарттарға сәйкес келетін жеке тұлғалар жатады.

Мемлекет басшысы бірқатар елдегі Қазақстан елшілерін тағайындады 

Қазақстанның бірнеше елдегі дипломатиялық корпусында кадрлық өзгеріс болды. Президент жаңа елшілерді тағайындап, бірқатар дипломатты қызметінен босатты.

Үкімет Алакөлде жағалауды қорғайтын бөгет салуға 3 млрд теңге бөлді 

Мамандардың айтуынша, жоба Алакөл жағалауының одан әрі шайылуының алдын алып, көлдегі шөгінділердің табиғи қозғалысы мен қайта бөліну процесін сақтауға мүмкіндік береді.

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот отырысы кейінге шегерілді

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы кейінге қалдырылды.