Мемлекеттік тіл — мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
Мемлекет басшысы «Қазақстан халқын ұйыстыратын тағы бір символ — мемлекеттік тіл. Қазақ тілінің қолданыс аясын аттыра беру – мемлекеттің міндеті»,- деген болатын.
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу болып табылады.
Әрбір халықтың өз ана тілі бар. Ол — жеке адамның ойлап тапқан туындысы емес, барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Мемлекеттік тілді насихаттау үшін әрбір азамат өзінің тлің, тарихын терең де жете білуі керек.Біл байлығы- елдің, ұлттық мақтанышы. Мен өз ана тілімді мақтан тұтамын, сонымен қатар мемлекеттік тілді өз деңгейінде меңгеруді мақсат етемін.
Тілді меңгеруге мемлекетімізде барынша жағдай жасалып жатыр. Мемлекеттік тіл – татулық пен бірліктің тірегі. Тіл-қоғамның жемісі. Тілге деген құрмет-халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуге міндеттіміз. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.Тіл байлығы- әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалатын баға жетпес мұра.
Менің ойымша, тілді білу құрметтің белгісі, бірақ қазақ тілінде сөйлеу үшін қандай да бір түсіністік, тілді аса білмейтіндерге деген төзімділік болуы тиіс. Тіл байлығы ‑ әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиіс.
Қазақстан ‑ әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек. Өйткені, қазақ тілі ‑ мемлекетіміздің мемлекеттік тілі! Қазақ тілі де ағылшын тілі секілді бәсекеге қабілетті болса, қолданыс аясы үнемі кеңейе түссе деймін. Сонда ғана Қазақстанның, қазақ елінің мәртебесі мен абырой асқақтар деген ойдамын.
Қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы ретінде мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға басты назар аударылып отыр. Осы мақсатта Қазақстан халықтары Ассамблеясы да өзінің стратегиясында мемлекеттік тіл мен қазақ халқы мәдениетінің басты рөлі азаматтық және рухани мәдениеттің ортақтығы негізінде Қазақстанның барлық этностарының бірігуі жолында қазақстандық сәйкестіктің қалыптасуының басты міндеттерінің бірі болып табылатынын жариялады.
Ғаламтор пайдаланушылары жыл сайын көбейіп келеді, сол себептен бір орында тұрмау керек, күн сайын өзгеріп отырған заманға сай мемлекеттік тілді қолдау тәсілдерін де жаңа бағытқа ауыстырып отыру қажеттіктері туындап отыр.
Қазақстан Республикасының тіл саясаты мемлекеттік тілді дамытуға және республикада қолданылатын өзге де тілдер үшін жағдай жасауға бағытталған.
Қайсыбір мемлекет болмасын оның ең әуелі ұлықтайтын тілі, әрине мемлекеттік тіл. Ол-әлемдік қауымдастықтағы мемлекеттердің басты белгілерінің бірі, ұлт саясатының көрсеткіші. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі-ұлы даламызды мекен еткен байырғы қазақ халқы мен қазақстандық басқа да ұлт өкілдерінің тарихи тағдырын тоғыстырған, теңдік пен татулықты ұстана отырып, бейбіт қоғамды қалыптастыруға қол жеткізіп отырған бірден-бір ұлы рәмізі. Тіл мәселесі ұлт руханиятының алтын қазығы болғандықтан, оған Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі ерекше мән беріп отыр. Мұндайда баршамыздың оған қолдау көрсетуіміз міндет.
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының жетекші маманы
Зиядин Ермахан Әбжапарұлы


