Абай облысындағы №21 мекемеде сотталғандармен құқықтық кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының өкілі, Абай облысы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Есенбаев Мағжан Майданұлы Абай облысындағы №21 мекемеде сотталғандармен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында талап арыз беру тәртібі, сот шешімдерін орындау мәселелері, жеке сот орындаушыларының жұмыс кестесі мен қабылдау тәртібі бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп, сотталғандардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау жолдарын түсіндірді.
Сонымен қатар, жеке қабылдау аясында сотталғандарға процессуалдық құжаттарды рәсімдеу тәртібі бойынша тәжірибелік құқықтық көмек көрсетілді. Қатысушыларға қолданыстағы заңнама шеңберінде әрі қарай әрекет ету бойынша білікті ұсыныстар берілді.
Осындай кездесулер сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...