Бүгінгі әлемдегі қарқынды өзгерістер білім беру жүйесіне жаңа талаптар қойып отыр. Экономикалық үдерістер, цифрландыру, құқықтық реформалар- барлығы сапалы білім беруді стратегиялық маңыздағы міндет деңгейіне шығарды. Сондықтан БҰҰ қабылдаған Тұрақты даму мақсаттарының ішінде ТДМ 4 – «Сапалы білім» бағыты мемлекеттердің даму индексін айқындайтын негізгі көрсеткіштің біріне айналды.
Бұл мақсат қоғамның барлық тобы үшін білімге қолжетімділікті арттыруды, заманауи дағдылармен қамтамасыз етуді, инновациялық ойлауды және академиялық мәдениетті нығайтуды көздейді.Елімізде сапалы білім беруді жетілдіруге бағытталған бастамалар жоғары оқу орындарының рөлін күшейтті. Соның ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті құқық саласындағы үздік дәстүрлерді сақтаумен қатар, жаңа ғылыми тәсілдер мен білім беру форматтарын енгізуде көшбасшы болып отыр. Факультет жыл сайын еңбек нарығына бәсекеге қабілетті, кәсіби жауапкершілігі жоғары заңгерлерді дайындап, құқықтық мәдениет пен әділет құндылықтарын нығайтуға елеулі үлес қосуда.Құқық-мемлекеттің тұрақтылығы мен әділеттілігін қамтамасыз ететін тірек. Кез келген реформаның табысы заңгер мамандарының біліктілігіне байланысты. Сондықтан болашақ мамандарды даярлау кезінде теориялық біліммен қатар практикалық бағыт ерекше назарда.Заң факультетінде білім алушылар қылмыстық құқық, азаматтық құқық, еңбек құқығы, әкімшілік құқық, халықаралық құқық, процессуалдық құқық сияқты негізгі бағыттар бойынша терең білім алады.Факультет студенттері теорияны тәжірибемен ұштастыру мақсатында сот органдарында, прокуратурада, ішкі істер департаментінде, адвокатура мен нотариат кеңселерінде, мемлекеттік және жеке ұйымдарда тәжірибеден өтеді. Оқу барысында нақты құқықтық кейстер шешіліп, студенттер процестік құжаттармен жұмыс жүргізуді, дәлелдемелерді талдауды, құқықтық нормаларды қолдануды үйренеді.
Заң факультеті ғылыми әлеуетімен де ерекшеленеді. Жыл сайын профессор-оқытушылар құрамы құқық саласының өзекті мәселелері бойынша монографиялар, ғылыми мақалалар жариялап, халықаралық конференцияларға қатысады. Студенттер де зерттеу жобаларына тартылып, дипломдық жұмыстарын практикалық сұранысқа бағыттайды.Университет қабырғасында дөңгелек үстелдер, ғылыми форумдар, пікірталас клубтары, құқықтық сауаттылыққа арналған кездесулер ұйымдастырылады. Мұндай ашық орта білім алушылардың жаңа идея ұсынуына, аналитикалық ойлауын дамытуға, құқықтық процестерге азаматтық көзқарасын білдіруге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта құқық саласына цифрлық технологиялар терең еніп жатыр: электрондық сот, e-Gov платформалары, онлайн келісімшарттар, цифрлық қолтаңба, жасанды интеллект. Студенттерге тек заң нормаларын меңгерту емес, оларды жаңа цифрлық ортада қолдана білуге үйрету-басты міндеттердің бірі. Заң факультеті алдыңғы қатарлы шетелдік университеттермен ынтымақтастық орнатқан. Студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Еуропа, Түркия, Оңтүстік Корея, Қытай және ТМД елдерінің жетекші ЖОО-ларында білім алуға мүмкіндігі бар.ТДМ 4 мақсаты-білім беру жүйесін инклюзивті, қолжетімді әрі нәтижелі ету.Заң факультеті осы талаптарға сай келетін сапалы құқықтық білім беру моделін қалыптастырып, үздіксіз жетілдіру үстінде. Мұнда әр студентке өзін дамыту, ғылыми ізденіске ену, кәсіби қабілетін шыңдау мүмкіндігі жасалған.Білім алған түлектер сот, прокуратура, министрліктер, Парламент құрылымдары, адвокатура, нотариат, мемлекеттік және жеке секторда қызмет етіп,еліміздің құқықтық жүйесін нығайтуға үлес қосып келеді.Қорытындылай келе, ТДМ 4-сапалы білім беру арқылы тұрақты дамыған қоғам құру міндетін айқындайды. Бұл бағытта заң факультеті ұлттық құқықтық кадр даярлауда, ғылым мен тәжірибені біріктіріп дамытуда.Сапалы құқықтық білім-әділ қоғамның кепілі, ал білімді жас заңгер-мемлекеттің болашағы.
Усеинова К.Р
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к.
Амангелді Н.
Заң факультетінің 1 курс магистранты


