ҚазҰУ-білім мен ғылымның көшбасшысы

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-еліміздегі жоғары білім беру жүйесінің флагманы, бүкіл түркі әлеміне танылған ғылым ордасы. 1934 жылы құрылған ҚазҰУ бүгінде бірнеше буын мамандарын түлетіп, ел дамуының өзегіне айналған зияткер тұлғалар даярлауда. Университеттің тарихи жолы  білім беру жүйесінің қалыптасуымен қатар өрбіген даму тарихы.

Университет әлемдік ғылым кеңістігінде лайықты орынға ие. QS World University Rankings нәтижелері бойынша оқу ордамыз жыл сайын өз позициясын нығайтып, әлемдегі беделді жоғары оқу орындарының қатарына еніп келеді. Бұл-академиялық әлеуеттің, профессор-оқытушылар құрамының кәсіби деңгейінің, студенттік орта мен ғылыми инфрақұрылымның дамуының айқын көрсеткіші.Цифрландыру бағыты қарқынды жүзеге асырылып, сабақтар интерактивті форматта өтеді. Электронды кітапхана, қашықтан білім беру жүйесі, цифрлық сервис платформалары студенттерге заманауи білімді игеруге мүмкіндік береді.Мұнда биотехнология, физика, химия, математика, құқық, экономика, халықаралық қатынастар, медицина, журналистика және IT бағыттарында ірі зерттеулер жүргізіледі. Зертханаларда жас ғалымдар жаңа жобалар әзірлеп, стартаптарды дамытып, халықаралық гранттармен жұмыс істейді.Студенттер үшін инновациялық хабтар мен бизнес-инкубаторлар құрылып, ғылыми идеяларды коммерцияландыруға жол ашылған. Университет қабырғасынан шыққан көптеген стартаптар халықаралық конкурстарда үздік шығып, жастардың ғылыми әлеуетін дәлелдеп жүр.

    Университет 500-ден астам әлемдік университетпен байланыс орнатқан. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы студенттер шетелде білім алып, қос диплом мүмкіндігін пайдалана алады. Халықаралық конференциялар, ғылыми форумдар, жазғы мектептер студенттердің көзқарасын кеңейтіп, әлемдік деңгейде ойлайтын тұлға болуына жағдай жасайды.Университет түлектері Еуропа, Азия, АҚШ-тың жетекші орталықтарында жұмыс істеп, халықаралық ұйымдарда қызмет атқаруда. Олардың жетістігі университет беделінің айқын айғағы.Қара шаңырақ өмірі студентке тек білім ғана емес, тәрбие, мәдениет, рухани даму сыйлайды. Жастар ұйымдары, өнер клубтары, спорт секциялары, театр студиялары талантты жастардың өз дарынын көрсетуіне мүмкіндік беретін үлкен алаң. Оқу ордамызда оқыған әр студент белсенді, көшбасшы, жан-жақты тұлға ретінде қалыптасады.

    Әр түлек өз болашағын қара шаңырақ қабырғасында қаланады деп сеніммен айта алады. Мансап орталығы жұмысқа орналасуға қолдау көрсетіп, жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатады. Бүгінде ҚазҰУ түлектері мемлекеттік басқару саласында, құқық қорғау органдарында, халықаралық компанияларда, ғылыми-зерттеу орталықтарында табысты еңбек етіп жүр.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-білім, ғылым, руханият пен мәдениетті бір арнаға тоғыстырған ұлы шаңырақ. Бұл – елдің интеллектуалдық капиталының тірегі, болашақ мамандардың қалыптасар ордасы. Уақытпен үндесіп дамыған, ұлттық мүддеге қызмет ететін, жаңа мыңжылдықтың талабына бейімделген ҚазҰУ бүгін де, ертең де еліміздің жарқын келешегін айқындайтын жетекші университет болып қала береді.

Усеинова К.Р.,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к.

Исмагулова Елмира

 Заң факультетінің 1 курс магистранты

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...