Мәжіліс 2025 жылды қорытындылады

Бүгін Мәжіліс 2025 жылдың қорытынды жалпы отырысын өткізді. Палата төрағасы Ерлан Қошанов биыл атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл жыл саяси жағынан да, заңнамалық тұрғыдан да оқиғаларға толы болды. Жыл басында ел дамуының стратегиялық бағытын айқындаған, ауқымды саяси реформалардың негізін қалаған маңызды құжат – Мемлекет басшысының тарихи Жолдауының үш жылдығы атап өтілді.Осы айтулы оқиғаға орай біз арнайы бір пленарлық отырыс өткіздік, – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс төрағасы атап өткендей, жыл елдігіміз үшін маңызы зор мерейтойларға толы болды. Биыл Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығын атап өттік.

Ол – тәуелсіздік пен құқықтық тәртіптің іргетасына айналған негізгі заңымыз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша депутаттардың бастамашылығымен Конституцияның 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң қабылданды. Ол ізгіліктің символына айналды деуге болады. Еліміздегі 17 мыңға жуық сотталған адам осы рақымшылық талаптарына ілікті, – деп еске салды Қошанов.

Мәжіліс депутаттары да халықаралық деңгейдегі және ел ішіндегі ауқымды іс-шараларға қатысып, Ұлы Жеңіске тағзым етті.

Бұл тарихи оқиға бейбіт күннің бағасын терең ұғындырып, сұрапыл соғыс жылдарындағы қазақстандықтардың ерен ерлігі мен қайсарлығын тағы да жадымызда жаңғыртты.

Сонымен бірге, жұртшылықпен тікелей диалог орнатқан бірегей алаң – Ұлттық Құрылтай жиындары жалғасын тапты.

Осы орайда президенттің Бурабайда сөйлеген сөзі бағдарламалық сипатқа ие болды. Ол елдің ішкі саясатын дамытудың стратегиялық бағдарын айқындап берді. Мемлекет басшысы біздің депутаттардың Ішкі саясат тұжырымдамасын әзірлеу туралы бастамасын қолдады. Ұсынылып отырған құжатта Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаға ерекше мән берілді. Бұл – Қоғамдық палатаның осы кезге дейін қалыптасқан институттардың қатарынан өзіндік орнын тапқанының әрі консультативтік-кеңесші орган ретіндегі тиімділігінің нақты көрінісі, – деді ол.

2025 жыл сыртқы саяси белсенділік артып, маңызды халықаралық бастамалар қарқын алған кезеңге айналды.

Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясының жалпы дебатына, Қытайда өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына, Тәжікстандағы ТМД көшбасшылары кеңесінің отырысына қатысып, сөз сөйледі.

Президент Будапештте өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік аренадағы ұстанымын нығайта түсетін басқа да маңызды халықаралық іс-шараларға қатысты.

Бұдан бөлек, жыл бойы Мемлекет басшысының стратегиялық маңызды сапарлары мен шетел басшыларының елімізге қарымта сапарлары болды.

Қазақстанның саяси партиялары Құрылтай сайлауына дайын екенін мәлімдеді 

Қазақстанның саяси партиялары Президенттің Құрылтай сайлауын 2026 жылғы 23 тамызға белгілеу туралы Жарлығына қол қойылғаннан кейін ресми мәлімдемелер жасап, алдағы сайлау науқанына толық дайын екендерін жеткізді.

На пути масштабных политических реформ

УХОДЯЩАЯ НЕДЕЛЯ СТАЛА ОДНОЙ ИЗ НАИБОЛЕЕ ЗНАЧИМЫХ В СОВРЕМЕННОЙ ПОЛИТИКО-ПРАВОВОЙ ИСТОРИИ КАЗАХСТАНА. СРАЗУ НЕСКОЛЬКО СОБЫТИЙ, ВЗАИМОСВЯЗАННЫХ МЕЖДУ СОБОЙ, ОЗНАМЕНОВАЛИ ЗАВЕРШЕНИЕ МАСШТАБНОГО ЭТАПА КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЫ И НАЧАЛО ФОРМИРОВАНИЯ НОВОЙ МОДЕЛИ ГОСУДАРСТВЕННОГО УПРАВЛЕНИЯ.

Докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды

3 шілдеде докторантураға түсу емтиханына (ДТЕ) қатысуға өтініш қабылдау басталады. Ол 2026 жылдың 3 тамызына дейін жалғасады. Емтиханның өзі 4-20 тамыз аралығында өтеді.

Испания Португалиямен кездеседі: Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалындағы жұптар белгілі болды 

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалындағы матчтар аяқталғаннан кейін 1/8 финалдың алты жұбы анықталды.

Ресейдегі жанармай тапшылығы Қазақстан үшін дағдарыс туғызбайды – сарапшы 

Шекара маңында жанармайдың заңсыз тасымалы күшейе ме? Елдің ішкі нарығында тапшылық қаупі бар ма?