12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚазҰУ-білімнің биік шыңы

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі жоғары білім мен ғылымның флагманы, елдік сананы қалыптастырушы, мыңдаған кәсіби мамандарды тәрбиелеп шығарған іргелі орда. Жиырмасыншы ғасырдың басында құрылған университет бүгінде тек ұлттық емес, халықаралық деңгейде мойындалған білім брендіне айналды. Оқу ордамыз ғылым, мәдениет, руханият, инновация тоғысқан интеллектуалды орта. Университет қабырғасынан талай мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар, дипломаттар, құқық саласының өкілдері, түрлі кәсіби салаларда елдің атын шығарған тұлғалар түлеп ұшты. Бұл оқу орнының ел тарихындағы рөлін айқындайтын айқын дәлел.Қазіргі кезеңде ҚазҰУ Қазақстандағы жоғары білім жүйесін модернизациялауда үлгі көрсетуші университет болып саналады. Университет заманауи талаптарға сай білім берудің көп деңгейлі жүйесін жолға қойған: бакалавриат, магистратура, докторантура, ғылыми-зерттеу институттары, халықаралық орталықтар – барлығы елдің интеллектуалды әлеуетін күшейтуге бағытталған. Білім беру бағдарламалары еңбек нарығының сұранысын ескеріп үнемі жаңартылып, студенттің кәсіби және тұлғалық даму траекториясын қалыптастыруға жағдай жасайды. Теория мен практика арнасы бірігіп, оқу үдерісінде зертханалар, ғылыми орталықтар, стартап платформалар, оқытудың заманауи әдістері пайдаланылады. Университет академиялық еркіндікті қолдайды, білім алушының ой-талдау, зерттеу және инновациялық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

    Қара шаңырақтың профессорлық-оқытушылар құрамы-ғылыми әлеуеті жоғары кәсіби кадрлар. Докторлар, профессорлар, шетелдік ғалымдар, тәжірибелі зерттеушілер білім берумен қатар ғылымды дамытуға ерекше үлес қосуда. Жыл сайын университет ғалымдары халықаралық басылымдарда ғылыми мақалалар жариялап, инновациялық жобалар жасап, ғылымның түрлі саласы бойынша ашылымдар мен зерттеулер жүргізуде.Білім мен ғылымды ұштастыра алған оқу орны ғана заман талабына сай маман дайындай алатыны белгілі.Университеттің тағы бір ерекшелігі-кең ауқымды халықаралық байланыс. ҚазҰУ әлемнің жетекші университеттерімен келісім негізінде академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асырып келеді. Студенттер Еуропа, Азия, Түркия, Корея, көршілес елдер мен басқа да аймақтардың университеттерінде білімін жалғастырып, жаңа тәжірибе жинауға мүмкіндік алады. Халықаралық серіктестік ғылыми жобаларды бірге жүзеге асыруға, екі дипломды бағдарламалар ашуға, ғылыми зерттеулерді әлемдік деңгейде таныстыруға жол ашады. Осылайша білім ордамыздың студенттері жаһандық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маманға айналады.

      Цифрлық дәуір талаптарына сәйкес ҚазҰУ білім беруді цифрландыруға ерекше көңіл бөлуде. Электронды кітапхана, қашықтан оқыту платформалары, Univer жүйесі, Smart University технологиялары оқу ресурстарының қолжетімділігін арттырды. Студент кез келген уақытта қажетті материалдарға қол жеткізіп, онлайн курс тыңдап, тапсырма орындап, емтихан тапсыра алады. Бұл білім сапасын арттырып қана қоймай, оқытудың тиімділігін күшейтті. Цифрландыру оқу үдерісін икемді етіп, ақпарат алмасуды жылдамдатты, академиялық ашықтықты қамтамасыз етті.ҚазҰУ – тек білім беру мекемесі емес, жастарды тәрбиелейтін, олардың ой-өрісін кеңейтетін рухани орта. Университет қабырғасында студенттік ұйымдар, волонтерлік қозғалыстар, дебат және ғылыми клубтар, мәдени-спорттық өмір қарқынды дамыған. Жас буын шығармашылықпен айналысып, жаңа бастама ұсынып, түрлі жобаларға белсенді қатысу арқылы әлеуметтік жауапкершілікті сезінеді. Университет ұсынған орта студенттердің өз ойын ашық жеткізу, топпен жұмыс істеу, көшбасшылық қасиетін жетілдіру дағдыларын қалыптастырады.

   Оқу ордамыздың жетістігі-оның түлектерінде. Бүгінде әр салада табысты еңбек етіп жүрген, ел дамуына үлес қосып отырған мамандар – университеттің абыройлы мектебінің айқын көрінісі. Қашанда уақытпен үндесіп, жаңашылдықпен дамып отырған университет ұлттық ғылым мен білімнің тірегі болып қала береді. ҚазҰУ-тек жоғары оқу орны емес, мемлекет мүддесіне қызмет ететін білімді ұрпақ тәрбиелеу миссиясын атқарып отырған стратегиялық орталық.Білімге инвестиция-болашаққа жасалған қадам. Егер сол білім сапалы, ғылыми негізделген, заманауи талапқа сай болса, елдің өркендеуі де сенімді болады. Осы тұрғыдан қарағанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің орны айрықша. Университет жылдар бойы қалыптастырған дәстүрді сақтай отырып, жаңашылдыққа ұмтылып, интеллектуалды ұлт қалыптастыруға үлес қосып келеді. Жоғары мәдениетті, білімді, ашық ойлы, жаңашыл студент университеттің басты жемісі, ал сапалы білім-оның басты құндылығы.

Ибраева А

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің 

 мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, 

конституциялық және әкімшілік 

құқық кафедрасының профессоры,

 заң ғылымдарының докторы

Тыныбай Н

заң факультетінің 1 курс магистранты

Заң факультетінде мықты маман дайындау-басты міндет

   Әділетті қоғам құрудың негізі-сапалы құқықтық жүйе, ал оның тірегі...

Аумақтан тыс соттылық

         Аумақтан тыс соттылық турасында Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексіне...

Сот тәртібімен банкрот деп тану ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы...

Судьялыққа адал қызметтің айшықты үлгісі

  Биыл Қазақстан Республикасының сот жүйесінде абыройлы еңбек етіп,...