Аумақтан тыс соттылық

         Аумақтан тыс соттылық турасында Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексіне (әрі қарай – Кодекс) 2021 жылдың 20 желтоқсанында 32-бапта (Шарттық соттылық) өзгеріс енгізілген болатын, аталған баптың күші 2022 жылдың 1 тамызынан бастап күшіне енгізілді.
Кодекстің 32-бабы келесідей редакцияда берілген: «тараптар өзара келісім бойынша істі сот талқылауына дайындау сатысында осы іс үшін, оның ішінде соттың іс жүргізуінде жатқан істер бойынша аумақтық соттылықты өзгерте алады, эксаумақтық соттылықты таңдай алады. Осы Кодекстің 31-бабында белгіленген соттылықты тараптардың келісімімен өзгертуге болмайды».
          Мақаланы оқи отырып, эксаумақтық соттылық дегеніміз не деген сұрақ туындайтыны анық. Қазіргі таңда сотқа келіп түскен істі IT-жүйе автоматты түрде сол соттың нақты бір судьясына бөледі. Енді сот талқылауына дайындау барысында тараптар аумақтан тыс соттылықты қолдану туралы жазбаша арызбен жүгінген жағдайда істерді республикадағы барлық соттар арасында бөлуге мүмкіндік бар. Істерді бөлу барысында автоматтандырылған жүйе жүктемесі неғұрлым аз соттардың бірін таңдайды.
        Мысалы, талап қоюшы мен жауапкер Атырау қаласында, ал талап арыз Талдықорғанда немесе Астанада қаралуы мүмкін. Бұл жоба сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы сот жүйесінің тиімді құралына айналмақ.
Істі қарайтын судья тараптарға аумақтан тыс соттылық қолдану мүмкіндігін түсіндіреді.
       Тиісті өтініш келіп түскеннен кейін, ол қаралғанға дейін іс ақпараттық жүйені автоматты түрде қайта бөлуге беріледі және дереу қайта бөлінеді.
Өтінішхатты қарау қорытындысы бойынша судья дереу істі аумақтан тыс соттылығы бойынша беру туралы ұйғарым шығарады. Осыдан кейін электрондық тізімдемесі бар осы электрондық іс сол күні ақпараттық жүйе таңдаған басқа сотқа жіберіледі.
        Енді тараптар өзара келісім бойынша талап қою кезінде, сондай-ақ соттың іс жүргізуіндегі істер бойынша да сот талқылауына дайындық сатысында аумақтық соттылықты өзгерте алады.
       Экстерриториялық соттылық институтының оң перспективалары бар, оның ішінде қоғамның сотқа деген сенімін арттыруға байланысты, өйткені оны қолдану туралы бастама іс бойынша тараптардан келеді.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бас маман — сот отырысының хатшысы Н.Бисембаева

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...