12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Shymbulak: Сапа мен қауіпсіздік бірінші орында

18 желтоқсанда Shymbulak тау курортының қысқы маусымдағы жұмысын таныстыруға арналған баспасөз туры өтті. Журналистерге курорттың сервисі мен инфрақұрылымындағы негізгі жаңалықтар таныстырылып, жоғары сұраныс жағдайында жұмысты тиімді ұйымдастыру тәсілдері баяндалды.

Өткен маусымда Shymbulak 1,5 миллионнан астам қонақ қабылдады. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Осылайша, курорт 2030 жылға қарай көзделген межеге мерзімінен бұрын қол жеткізді. Туристер санының өсуі инженерлік жүйелерді, сервисті үнемі жаңғыртуды және қауіпсіздік стандарттарын арттыруды талап ететіні анық.

Сервис пен инфрақұрылым: миллиондаған туристі күту

Баспасөз туры «Медеу» базалық станциясынан басталды. Қайта жаңғыртудан кейін мұнда сырғанау жабдықтарын жалға беру мен сақтаудың негізгі аймағы орналасқан. Жалға беру қызметінің супервайзері Мүслим Жұмаев қызмет көрсету «бір терезе» қағидатымен іске асатынын, ал локерлер саны екі есеге артқанын атап өтті.

«Қонақтар саны жыл сайын артып келеді, сондықтан басты міндетіміз – сырғанауға дейінгі ұйымдастыру рәсімдеріне кететін уақытты қысқарту. Негізгі жалға беру аймағы қазір “Медеу” станциясында орналасқан, ал “Шымбұлақ” станциясында кәсіби райдерлерге арналған локерлер мен жалға беру нүктесі жұмыс істейді. Бұл қарбалас уақытта қызмет көрсетуді жеделдетуге мүмкіндік береді. Тағы бір жақсы жаңалық – осы маусымда тау шаңғысы жабдықтары толық жаңартылды», – деді Мүслим Жұмаев.

Сондай-ақ Shymbulak Орта станциясында кафе мен дүкен орналасқан жаңа павильон ашылған. Freedom Telecom қолдауымен курорттың негізгі станциялары мен аспалы жол бойында тегін Wi-Fi нүктелері іске қосылды.

2025–2026 маусымында курортта сервисті цифрлық бақылау жүйесі енгізілді. Қонақтар инфоорталықтарда, тау шаңғысы мен сноуборд мектебінде, сондай-ақ курорттың сайтында орналасқан QR-кодтар арқылы өтініштер мен ұсыныстар қалдыра алады.

«Қонақтардың пікірін жинау мен талдауды автоматтандырдық. Бұл курорт қызметін объективті бағалауға, жетілдіруді қажет ететін тұстарымызды жедел анықтауға және қызмет сапасын жүйелі түрде күшейтуге мүмкіндік береді», – деді Клиенттік сервис және сапаны бақылау департаментінің басшысы Ольга Беляева.

Жаңа маусымда санитарлық инфрақұрылымды дамытуға да ерекше көңіл бөлінген. Курорттың негізгі аймақтарында, соның ішінде 3200 метр биіктіктегі және адам көп шоғырланатын станцияларда дәретханалар жаңартылды. Жаңғырту барысында халықаралық стандарттар мен кедергісіз орта талаптары ескерілді. Бұл шешімдер қарбалас күндері де қонақтарға қажет жайлылықты қамтамасыз етеді.

Қауіпсіз сырғанау

«Шымбұлақ» станциясында баспасөз турына қатысушыларға тау шаңғысы және сноуборд мектебінің жұмысы таныстырылды. Биыл мектепте 100-ден астам инструктор жұмыс істейді, сабақтар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі. Сырғанауды жаңадан бастаушыларға бір сағат топтық сабақ тегін ұсынылады. Ол үшін сабаққа алдын ала жазылу жеткілікті.

«Бүгінде курортқа мыңдаған бастаушы райдер келеді. Олардың алғашқы қадамдары сырғанау жолдарындағы қауіпсіздікке тікелей әсер етеді. Сырғанауды кәсіби инструктормен бастау тек техникалық дағдыларды ғана емес, беткейдегі өзара құрмет мәдениетін қалыптастырады. Мектептің ерекше бір бағыты – мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған адаптивті сырғанау, бұл курорттың әлеуметтік миссиясының бір бөлігі», – деді инструкторлар мектебінің жетекшісі Николай Хан.

Техникалық дайындық және халықаралық стандарттар

Қонақтар санының артуы инженерлік жүйелерге түсетін жүктемені күшейтеді. Баспасөз туры барысында жаңартылған ратрак паркі, жасанды қар жасау жүйелері және аспалы жолдардың жұмысын көрсетілді. Осы маусымда Shymbulak Еуропа, Азия және Латын Америкасындағы курорттарды басқаратын халықаралық PGI Management компаниясымен ынтымақтастықты бастады.

«Туристер саны көбейген сайын сырғанау жолдарын дайындаудан бастап, аспалы жолдарды пайдалануға дейінгі барлық инженерлік және операциялық үдерістердің маңызы арта түседі. Мұндай жағдайда халықаралық тәжірибеге сүйену аса маңызды. PGI Management-пен серіктестік Shymbulak жүйелерін әлемдік үздік стандарттармен салыстыра отырып қысқа әрі ұзақ мерзімді жетілдіру бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді», – деді PGI Management өкілі Роман Серра.

Қысқы маусымның басталуы дәстүрлі түрде ауа райына тәуелді. Биыл жылы ауа райына байланысты Shymbulak әдеттегіден кеш ашылды. Қазіргі таңда барлық сырғанау жолы ашылған жоқ. Тұрақты аяз орнап, қажетті қар жамылғысы қалыптасқан соң сырғанау аймағы кезең-кезеңімен кеңейтіледі.

Экология және көлік саясаты

Shymbulak үшін таудағы экожүйені қорғау басым бағыттардың бірі болып қала береді. Курорт антропогендік жүктемені азайту саясатын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Алматы қаласы әкімдігінің қала мен курорт арасында экошаттл маршруттарын ұйымдастыру бастамасын толық қолдайды. Жақында Алматының орталық стадионынан Медеуге дейін қатынайтын №21 автобус бағыты іске қосылды.

Курорт «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркімен бірлесіп, Кіші Алматы шатқалындағы Тянь-Шань шыршаларын қалпына келтіру мақсатында Shyrshaly аумағында жобасын қолға алды. Биыл курорт аумағында 500 көшет отырғызылды.

Тарифтер және қолжетімділік

Бірнеше жыл бойы Shymbulak-та ски-пасстардың құны өзгермеген. Тарифтерге түзету тек 2024-2025 маусымында енгізілді. Билет бағасы биік таулы инфрақұрылымды пайдалану, аспалы жолдарға қызмет көрсету, техниканы жаңарту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету шығындарымен тікелей байланысты. Биылғы өзгерістер инфляцияның, ҚҚС мөлшерлемесінің өсуін және шетел валютасына сатып алынатын импорттық жабдықтардың қымбаттауын толық өтемейді.

Қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін курорт халықаралық тәжірибеге сай сараланған тарифтерді (low / regular / high), сондай-ақ таңғы, күндізгі және түнгі тарифтерді, бастаушыларға арналған арнайы тариф пен балаларға жеңілдіктер ұсынады. «Төмен» (low) маусымда сырғанау құны орта есеппен 30%-ға дейін төмендеп, қонақтарға жүктеме аз күндерді таңдауға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік миссия

Shymbulak тау демалысының қолжетімділігіне басымдық беруді жалғастырады. Курортқа арқанжолмен көтерілу бес жасқа дейінгі балаларға, зейнеткерлерге және мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін. Жұмыс күндері көпбалалы отбасыларға, ардагерлерге және басқа да әлеуметтік осал топтарға жеңілдік қарастырылған тарифтер ұсынылады. Өткен жылы курорт әлеуметтік осал санаттарға жататын шамамен 190 мың қонақты қабылдады. Бұл жалпы қонақ санының шамамен 20%-ын құрайды.

Жаңа биік таулы мұз айдыны

Қысқы инфрақұрылымның жаңа нысандарының бірі – теңіз деңгейінен 2 260 метр биіктікте орналасқан биік таулы мұз айдыны. Оның – 800 м². Заманауи мұз өндіру жүйесі температураның күрт ауытқуына қарамастан мұздың тұрақты сапасын қамтамасыз етеді. Айдын ересектер мен балаларға арналған демалыс мүмкіндіктерін кеңейтті.

Экономикалық маңызы

Shymbulak тау курорты – өңірдегі ірі жұмыс берушілер мен салық төлеушілердің бірі. Қысқы маусымда мұнда мыңнан астам адам еңбек етеді. Туристік ағын көлік, қонақүй, қоғамдық тамақтану және сауда салаларына сұраныс қалыптастырып, Алматыны Орталық Азиядағы тау туризмінің орталығы ретінде дамытуға ықпал етеді. Алматы қаласы әкімдігі мен Mastercard компаниясының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында шетелдік туристер арасында ең танымал жер – Shymbulak болды (туристердің 30,62%-ы курортқа баруды таңдаған). Басқаша айтар болсақ, Алматыға келген әрбір үшінші шетелдік қонақ Shymbulak курортына барған.

Бетті бүркейтін киімге қатысты заң қабылданды: ІІМ ерекшеліктерін атады

Сенат "Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы" заң жобасын қабылдады....

ЛГБТ насихатына тыйым: Сенат заңды бірінші оқылымда мақұлдады

Сенат депутаттары архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын...

Трансплантология – өмірді сақтайтын соңғы мүмкіндік

Трансплантология – адам ағзасының белгілі бір мүшесі өз қызметін...

Алла Ильчун — казахская муза Dior, изменившая мировую модуКак международное событие в METU объединило Францию и Казахстан

В Международном инженерно-технологическом университете состоялось событие, выходящее далеко за...