12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Фарабитану» көптомдығының 20-томының тұсаукесері өтеді

23 желтоқсан күні сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби ғылыми кітапханасында менің жетекшілігіммен құрастырылған «Фарабитану» көптомдығының 20-томының тұсаукесері өтеді.

Бұл көптомдық – бір күннің немесе бір жылдың еңбегі емес. Ол – әл-Фараби мұрасын жүйелі түрде зерттеуге, ұлы ойшылдың философиялық ілімін қазіргі заманның зияткерлік кеңістігінде қайта пайымдауға бағытталған ұзақ жылдарға созылған ғылыми ізденістердің нәтижесі. Әр том – ұлт руханиятына қызмет етуді мақсат еткен жауапты еңбектің бір белесі.

Әл-Фараби – тек өткеннің ғұламасы емес, бүгінгі ойлау мәдениетіміздің тірі қайнар көзі. Оның идеялары адам, қоғам, әділет, білім және парасат туралы заманауи сұрақтарға әлі де терең жауап береді. Осы тұрғыдан алғанда, «Фарабитану» сериясы – өткен мен бүгінді, дәстүр мен жаңашылдықты сабақтастыратын ғылыми көпір деп білемін.

Аталған игі шара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқармасының, Философия және саясаттану факультетінің, Философия кафедрасының және әл-Фараби орталығының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Бұл – ұжымдық ынтымақ пен ортақ ғылыми жауапкершіліктің көрінісі.

Тұсаукесер – тек кітап таныстыру рәсімі емес, әл-Фараби ілімі төңірегінде ой бөлісетін, пікір алмасатын, ғылыми сабақтастықты жалғайтын рухани кездесу болмақ. Осы игі жиында әріптестерімді, шәкірттерімді, жас зерттеушілер мен барша философияға қызығушы қауымды жүздесуге шақырамын.

Ғылым – үнсіз еңбек. Ал сол еңбектің нәтижесі оқырманмен табысқанда ғана мәнге ие. Келіп, ортақ ой кеңістігінде жүздесейік!

Құрметпен,
Жақыпбек Алтаев

ҚазҰУ — ұлттың зияткерлік тірегі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздің жоғары білім беру...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

Сыбайлас жемқорлық - бұл қоғамның барлық салаларында кездесетін күрделі...

Халықаралық құқықтық көмек көрсету қызметі бойынша

Халықаралық ұйымдардың актілері, мемлекетаралық және үкіметаралық шарттар және Қазақстан...

№21 мекемеде Тәуелсіздік күніне арналған тәрбиелік іс-шара өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай №21 мекемеде сотталғандар арасында...

МВД обратилось к участникам дорожного движения

В связи с празднованием Дня Независимости Республики Казахстан многие...