Жетісу облысы 2023-2024 жылдары жалпы өңірлік өнім көлемінің өсімі бойынша республикада үздік шықты

Жетісу облысы 2023-2024 жылдары жалпы өңірлік өнім көлемінің өсімі бойынша республикада үздік шықты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өнім көлемі 2,2 трлн. теңгеге жетіп, 14,8% ұлғайды. Биылғы жылдың соңында жалпы өңірлік өнім 2,7 трлн. теңге болады. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты.

Жетісу облысында биылғы он айдың қорытындысы бойынша барлық салаларда тұрақты өсім байқалады. Жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтауға толық мүмкіндік бар. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2023-2024 жылдары 894 млрд. теңгені құрады, оның ішінде жеке инвестициялардың үлесі – 71,3% немесе 637 млрд. теңге. Жыл басынан облыс экономикасына 17,5% өсіммен 397 млрд. теңге инвестиция тартылды, — деді Б. Исабаев.

Өңір басшысының айтуынша, соңғы үш жылда 27 жаңа кәсіпорын іске қосылып, жұмыс істеп тұрған 7 кәсіпорын кеңейтілді. Олардың ірілерінің қатарында «Қайнар АКБ» зауытының қуатын жылына 100 мың өнеркәсіптік аккумулятор шығаратын қуаттылыққа жеткізу арқылы жаңыртылуы, жылдық қуаты 210 мың өндірістік стацинарлық аккумулятор шығаратын «ASMA Industrial» жаңа зауыты, Алакөл, Сарқан аудандарында салынған әрқайсысы 50 МВт қуаттылыққа ие екі жел электр станциясы бар.

Атап өтсек, облыста жалпы қуаты 251 МВт болатын 18 жаңартылған энергетика нысаны жұмыс істейді.

Облыс әкімінің мәліметіне қарағанда, соңғы үш жылда өңірде 2023-2025 жылдары 108,5 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде 70 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Сапалы білім-елдің интеллектуалдық дамуының негізі

Қазіргі әлемде мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі табиғи ресурстарымен ғана емес,...

В учреждении №74 состоялись соревнования по национальной игре «Арқан тарту»

В рамках спортивных мероприятий среди осужденных, посвященных VI Всемирным...

«Шекарасыз оқу» жобасы аясында тәрбие жұмыстары өткізілді

«Шекарасыз оқу» жобасы аясында сотталғандар арасында тәрбиелік мәні бар...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Тіл – халықтың рухани болмысын, тарихи жадын және ұлттық...

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттеріне арналған құқықтық сағат

Ақмола облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Ш....