12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда кімдер ең көп табыс табатыны белгілі болды

Қазақстанда қараша айында ең жоғары жалақы ұсынылған мамандықтар анықталды. Бас құрылысшылар, өндірістік учаске басшылары және авиациялық диспетчерлер ең жоғары табыс табатын мамандар қатарында. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап, Enbek.kz Электрондық еңбек биржасының жаңартылған деректері негізінде BAQ.KZ тілшісі хабарлайды.

Қараша айында Enbek.kz алаңында 101,1 мың бос жұмыс орны жарияланды, оның 73%-ы – білікті мамандарға арналған. Қазан айымен салыстырғанда жұмыс берушілердің жалпы белсенділігі 23%-ға, ал білікті қызметкерлерге арналған ұсыныстар 26%-ға төмендеген.

Сонымен қатар үміткерлер тарапынан да белсенділік азайды: бір айда 101,3 мың түйіндеме жарияланып, бұл өткен айдан 11%-ға төмен.

Қай салаларда сұраныс артты?

Жалпы төмендеу фонында кейбір секторларда еңбекке сұраныс өсім көрсетті:

• Тау-кен өнеркәсібінде бос жұмыс орындары 26% өсіп, 1,7 мыңға жетті;
• Әкімшілік қызметтер секторында – 19% өсім, 2,3 мың вакансия;
• Ауыл шаруашылығында – 11% өсім, 8,3 мың вакансия;
• Тұру және тамақтану қызметтері саласында да шамалы өсім байқалды – 1,8 мың вакансия.

Ал керісінше, күрт қысқару орын алған салалар:

• Ойын-сауық және демалыс индустриясында – 55% төмендеу (2,4 мың вакансия);
• Мемлекеттік басқаруда – 40% азайып, 5,2 мыңға түсті;
• Энергетикада – 38% қысқарып, 2,4 мың вакансия қалды.

Сарапшылар мұны маусымдық факторлармен, әсіресе жылыту маусымы алдында қазандықтарды толық қамтуға байланысты уақытша сұраныстың төмендеуімен түсіндіреді.

Аймақтардағы жағдай

Вакансиялар саны барлық өңірлерде дерлік азайған, тек:

Жетісу облысы ерекшеленді – мұнда көрсеткіш 11% өсіп, 2,7 мың вакансияға жетті.

Ең көп қысқару:

Батыс Қазақстан,
Жамбыл,
Атырау облыстарында тіркелді.

Ал жұмыс берушілер ең көп бос орын жариялаған өңірлер:

Түркістан облысы – 11,1 мың,
Астана – 9,3 мың,
Алматы – 7,2 мың.

Үш аймақ елдегі барлық вакансияның ширегінен астамын құрады.

Қандай мамандықтар ең қажет?

Қарашада ең сұраныста болған мамандықтар:

Медбикелер мен фельдшерлер – 1,9 мың вакансия,
Санитарлар – 1,8 мың,
Тәрбиешілер – 1,5 мың,
Автокөлік жүргізушілері – 1,5 мың.

Қазақстанда ең жоғары жалақы кімдерге ұсынылады?

Enbek.kz деректеріне сәйкес, қарашада ең жоғары еңбекақы төмендегі мамандықтарға белгіленді:

Бас құрылысшылар – 640 000 теңгеден бастап,
Өндірістік учаске басшылары – 595 000 теңгеден,
Авиациялық диспетчерлер – 568 000 теңгеден.

Ең жоғары жалақы күтетін мамандар кімдер?

Enbek.kz деректеріне сәйкес, кейбір мамандық иелері өз түйіндемелерінде жоғары жалақы талап етеді. Бұл – жұмыс берушілер ұсынған нақты төлем емес, үміткерлердің өздері күткен еңбекақы мөлшері.

Пилоттар орта есеппен 1 900 000 теңге көлемінде жалақы күтеді.
IT-бөлім жетекшілері мен бас геологтар шамамен 1 200 000 теңге еңбекақы сұрайды.

Бұл көрсеткіштер аталған мамандықтарға деген жоғары кәсіби талаптар мен жауапкершілік деңгейінің жоғары болуын көрсетеді.

Қараша айында Қазақстанның еңбек нарығы маусымдық бәсеңдеу кезеңін бастан өткерді: жұмыс берушілер де, жұмыс іздеушілер де белсенділікті азайтқан. Дегенмен мамандықтар арасындағы сұраныс құрылымы өзгеріссіз қалып отыр, ал жекелеген салаларда өсім байқалады.

Президент Ашхабад қаласына барды

Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына арналған форумға қатысу үшін Ашхабад қаласына келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды.

Ел аумағына сырттан тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салынды

Жұмыртқа импортына уақытша тыйым отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілді.

2026 жылғы мерекелер: қазақстандықтар қанша күн демалады?

2026 жылы қазақстандықтар қалай демалатын болды? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мерекелік және ауыстырылған демалыс күндері көрсетілген өндірістік күнтізбені жариялады.

Жаңа жылдан бастап таксистер мен курьерлер үшін не өзгереді

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған арнайы режим шамамен 60-ға жуық салада еңбек ететін азаматтарға қатысты. Олардың қатарында такси жүргізушілері, курьерлер және басқа да түрлі саладағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бар.

Жаңа жылда баспана бағасы қалай өзгереді?

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаевтың айтуынша, 2026 жылдың басында тұрғын үй бағасы күрт 20 пайызға қымбаттайды деген сөз шындыққа жанаспайды.