12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚазҰУ — ұлттың интеллектуалдық тірегі  және сапалы білімнің жаһандық  моделі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-еліміздегі жоғары білім берудің флагманы, халықаралық деңгейдегі ғылыми инновациялар орталығы және елдің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етіп отырған стратегиялық маңызы зор оқу орны. ҚазҰУ-дың бүгінгі жетістіктері оның дәстүр мен жаңашылдықты үйлестіре отырып, білім беру жүйесін толықтай Тұрақты даму мақсаттарына, соның ішінде ТДМ 4 — «Сапалы білім» бағытына бейімдегенімен тікелей байланысты.Білім ордамыз бүгінгі таңда студентке тек кәсіби білім ғана емес, жан-жақты ойлайтын, зерттей алатын, өз ортасына өзгеріс әкеле алатын тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған білім беру философиясын ұсынады. Университет кампусы-жаңа идеялар мен инновациялардың шоғырланған орталығы. Цифрландырылған аудиториялар, мультимедиялық зертханалар, ашық білім ресурстары мен виртуалды платформа студентке әлемдік деңгейдегі сапалы білім алуға барлық жағдайды жасайды. Бұл-ТДМ 4 мақсаты көздейтін оқыту сапасын арттыру, жаңа технологияларды меңгерту және барлық студентке қолжетімді білім ұсыну міндетінің нақты орындалуы.Университет  студенттері білім алудың әр кезеңінде практикалық тәжірибемен ұштасқан жүйеде оқиды. Университеттің ғылыми инфрақұрылымы-жас зерттеушілердің үлкен жобаларға қатысуына мүмкіндік беретін бірегей орта. Институттар, зерттеу орталықтары, технопарктер, стартап-инкубаторлар-барлығы да жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, зерттеу мәдениетін қалыптастырады. Бұл білім беру процесінің жоғары сапалылығын қамтамасыз ететін маңызды фактор. Бүгінде ҚазҰУ-дың ғылыми жобалары халықаралық рейтингтерде жоғары бағаланып, әлемдік университеттермен тең дәрежеде бәсекелесе алатын деңгейге көтерілген.

     Университеттің ірі құрылымдарының бірі-Заң факультеті. Бұл факультет құқықтық реформаларды түсінетін, әділет саласының болашағын қалыптастыратын жоғары кәсіби кадрларды даярлайды. Факультетте студенттер шынайы істермен айналысатын құқықтық клиникада тәжірибе жинап, сот отырыстарына қатысып, мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өтіп, практикалық білімін шыңдайды. «Заң мен тәртіп» акциясы, құқықтық ағарту жобалары, жастарға арналған ашық дәрістер-құқықтық мәдениетті көтеруге бағытталған маңызды қадамдар.

     ҚазҰУ жаһандық университеттердің қатарына кіріп, халықаралық байланыстарды кеңейтіп келеді. Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен бірлескен бағдарламалар, академиялық ұтқырлық, екі диплом жүйесі, халықаралық жобалар-студенттің кәсіби бәсекеге қабілеттілігін арттыратын бірегей алаң. Германия, Франция, Корея, Жапония, Түркия, АҚШ университеттерімен жүзеге асырылып жатқан серіктестік жобалар жас мамандарға кең өріс, жаңа тәжірибе және заманауи ойлауға бастайтын мүмкіндіктер береді.Оқу ордамыздың  басты ерекшелігі-студентті орталық құндылық ретінде қарастыруы. Университет қабырғасында әрбір жастың тұлғалық өсуіне, шығармашылық қабілетін дамытуға, өзіндік пікір қалыптастыруға барлық жағдай жасалған. Психологиялық қолдау орталықтары, мәдени клубтар, дебат лигалары, спорт секциялары барлығы да студенттің жан-жақты дамуына бағытталған. Қауіпсіз, қолайлы және инклюзивті орта құру-білім ордамыздың тұрақты қағидаты.

    ТДМ 4 мақсатындағы «әр адамға сапалы білім беру» принципі ҚазҰУ-дың күнделікті қызметінен айқын көрінеді. Университеттің стратегиялық даму жоспары мемлекеттің адам капиталын күшейтуге бағытталған ұлттық саясатына толық сәйкес келеді. ҚазҰУ сапалы білім берудің озық моделі, ғылым мен инновацияны дамытатын орталық және жастарға ашылған үлкен мүмкіндіктер алаңы. Университеттің ТДМ 4 қағидаттарын жүйелі түрде жүзеге асыруы оның халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, елдің болашақ дамуы үшін сенімді интеллектуалдық негіз қалыптастырады. Университет қабырғасынан шыққан әрбір түлек – қара шаңырақтың білім беру жүйесінің сапасының көрсеткіші.Профессорлық-оқытушылар құрамы да ел болашағы болар жас мамандарды әрқашан қолдауға дайын.

Темірболат Н.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Заң факультеті қылмыстық

құқық, қылмыстық іс жүргізу және

криминалистика кафедрасының оқытушысы

ҚазҰУ — сапалы білімнің бастауы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-ғасырдан аса тарихы бар, еліміздегі...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АГРОБИОСТАНЦИЯ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университеті Алматының іргесінде Агробиостанция кешенін ресми түрде...

Торжественное открытие аудитории имени академика Султана Сартаевича Сартаева в КазНУ имени аль-Фараби

В преддверии национального праздника – Дня Республики Казахстан – на юридическом...

Цифрландыру дәуіріндегі ҚазҰУ: жасанды интеллектің жаңа мүмкіндіктері

   XXI ғасырдың басты жетістіктерінің бірі – жасанды интеллект...

БІЛІМ САПАСЫ КӨТЕРІЛМЕЙ, САУАТТЫ МАМАН ТАПШЫЛЫҒЫ АЗАЙМАЙДЫ

ЕЛДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДЕҢГЕЙІНЕ НЕГЕ КӨПШІЛІКТІҢ КӨҢІЛІ ТОЛМАЙДЫ?...