12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақ ұлттық университеті — білім мен ғылымның алтын бесігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-еліміздегі жоғары білім беру жүйесінің көшбасшысы, ғасырдан астам тарихы бар, ұлттық ғылым мен интеллектуалды әлеуеттің негізгі орталықтарының бірі. Орталық Азиядағы ең үздік университеттердің қатарында тұрған ҚазҰУ бүгінгі таңда білім, ғылым, инновация және халықаралық интеграция бағытында қарқынды дамып, елдің зияткерлік капиталының қалыптасуына ерекше үлес қосуда.

Университеттің басты миссиясы-заманауи талаптарға сай кәсіби мамандарды даярлау, іргелі ғылымды дамыту және қоғамның рухани-мәдени өркендеуіне ықпал ету. Университеттің әлемдік деңгейдегі беделі-білім беру сапасы, ғылыми зерттеулер мен халықаралық ынтымақтастық нәтижесінің жемісі. Университет QS WUR халықаралық рейтингі бойынша жоғары позицияны иеленіп, өзінің бәсекеге қабілеттілігін жыл сайын дәлелдеп келеді.Оқу ордамызда жиырмадан астам факультет, ондаған ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар жұмыс істейді. Әр факультет еңбек нарығының сұранысына сай жаңартылған оқу бағдарламаларын ұсынады. Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы-ғылым докторлары, кандидаттар, халықаралық деңгейде танылған зерттеушілер мен сарапшылар. Студенттер тек теориялық білім алып қана қоймай, практикалық тәжірибе жинақтау мүмкіндігіне ие болады. Қара шаңырақ  ұлттық компаниялармен, мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен тығыз байланыс орнатып, студенттердің кәсіби ортаға енуіне кең мүмкіндік жасайды.

Университет тек білім ордасы ғана емес, сондай-ақ үлкен ғылыми-зерттеу орталығы. Мұнда 150-ден астам зертханалар мен ғылыми платформалар жұмыс істейді. Ғалымдар биотехнология, нанотехнология, экология, энергетика, құқық, әлеуметтік ғылымдар, цифрлық технологиялар саласында маңызды ғылыми жобаларды жүзеге асыруда. Әсіресе жасыл технологиялар, жаңартылатын энергия, жасанды интеллект, экологиялық қауіпсіздік бағытындағы зерттеулер оқу ордамызды инновациялық университет ретінде танытады.ҚазҰУ студенттік өмірге де ерекше көңіл бөледі. Университет қалашығы-студенттердің сапалы білім алып, жан-жақты дамуына арналған қолайлы орта. Мұнда кітапханалар, спорт кешендері, медициналық орталық, мәдениет және өнер орталықтары, шығармашылық ұйымдар жұмыс істейді. Жастар ғылыми үйірмелерге, қоғамдық жобаларға, волонтерлік қозғалыстарға белсенді қатысады. Бұл олардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастырады.Университеттің халықаралық байланысы да жыл сайын кеңейіп келеді. ҚазҰУ әлемнің 500-ден астам жетекші университетімен әріптестік орнатқан. Студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламалары арқылы шетелде білім алып, халықаралық тәжірибе жинақтайды. Университетке жыл сайын шетелдік профессорлар келіп, дәріс оқиды, бірлескен ғылыми жобалар жүзеге асырылады.

Білім ордасының тәрбиелік жұмысы да ерекше маңызға ие. Университет жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, қоғамға адал қызмет етуге, мәдениетті, білімді, жауапкершілігі жоғары тұлға болуға тәрбиелейді.

ҚазҰУ түлектері елдің барлық саласында табысты қызмет етіп, мемлекеттің дамуына айтарлықтай үлес қосуда. Осы түлектердің кәсіби біліктілігі, адалдығы мен еңбекқорлығы қоғамда әділдік пен заңдылықты сақтау, құқық қорғауды қамтамасыз ету жолында маңызды рөл атқарады. Университет түлектері тек еліміздің емес, халықаралық қоғамдастықтың да игілігі үшін жұмыс істей отырып, Қазақстанның өркениетті, құқықтық және демократиялық қоғам құру бағытындағы маңызды қадамдарын жүзеге асыруда. Университеттің болашаққа бағытталған стратегиялық мақсаттары-елімізді әлемдік білім кеңістігінде жоғары деңгейге көтеру, халықаралық инновациялық орталыққа айналу және жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбиенің үздік үлгісін ұсыну.

Г.Д.Ансатбаева

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,

 конституциялық және әкімшілік

құқық кафедрасының оқытушысы

Креативті индустрия экономикаға қалай әсер етеді?

Мәдениет пен креативті индустрия бүгінде тек рухани саланың шеңберінде...

Сапалы білім — тұрақты дамудың негізі

Білім -кез келген мемлекеттің тұрақты дамуының басты факторы. БҰҰ...

Білім сапасы — басты құндылығымыз

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-еліміздің ғана емес, бүкіл Орталық...

Shymbulak открывает зимний сезон 6 декабря

6 декабря горный курорт Shymbulak официально открывает зимний сезон...