12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Білім сапасы — басты құндылығымыз

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-еліміздің ғана емес, бүкіл Орталық Азия аймағының жетекші ғылыми-білім беру орталығы, ұлттық интеллектуалды брендке айналған жоғары оқу орны. Ғасырдан астам тарихы бар университет бүгінгі күні білім, ғылым, инновация және әлеуметтік жауапкершілік бағытында заманауи талаптарға толық жауап беретін, халықаралық деңгейде танылған оқу орны ретінде алдына қойған миссиясын табысты атқарып келеді.ҚазҰУ-дың академиялық артықшылығы-сапалы білім беру жүйесінде. Университетте жиырмадан астам факультет, жүздеген білім беру бағдарламасы жұмыс істейді. Олар еңбек нарығының жаңа тенденцияларына сәйкес үнемі жаңартылып, жаңғыртылып отырады. Профессорлық-оқытушылар құрамы-өз саласында ғылыми мектеп қалыптастырған тәжірибелі мамандар, халықаралық жобаларға белсенді қатысатын зерттеушілер.Студенттерге теориялық біліммен қатар практикалық дағдыларды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.Оқу ордамыз түрлі институттарымен, ұлттық компаниялармен, құқық қорғау және мемлекеттік органдармен жасалған меморандумдар жас мамандардың кәсіби дайындығын күшейтіп, еңбек нарығына сенімді қадам басуына мүмкіндік береді.

Білім ордасы ғылыми-инновациялық экожүйені дамытатын жетекші орталық ретінде белгілі. Мұнда 150-ден астам ғылыми-зерттеу институттары, зертханалар мен инновациялық технопарктер жұмыс істейді. Зерттеушілер биотехнология, жасыл энергетика, ақпараттық технологиялар, құқық, наноматериалдар, әлеуметтік ғылымдар бағытында озық ғылыми жобаларды жүзеге асыруда.Университет ғалымдарының еңбектері әлемдік ғылыми журналдарда жарияланып, халықаралық рейтингтерде жоғары бағаланған. QS WUR және THE рейтингтерінде ҚазҰУ-дың тұрақты түрде жоғары орындардан көрінуі – білім және ғылым сапасының айқын дәлелі.ҚазҰУ-жас буынға тек білім ғана емес, жан-жақты тұлғалық даму ортасын ұсынатын ерекше кеңістік. Университет қалашығы-студенттердің жайлы тұрмысы мен бос уақытын тиімді өткізуіне арналған толыққанды инфрақұрылым. Спорт кешендері, мәдени орталықтар, кітапханалар, студенттік ұйымдар жас лидерлердің қалыптасуына зор мүмкіндік береді.Жыл сайын ұйымдастырылатын форумдар, олимпиадалар, фестивальдер мен жастар жобалары студенттердің бастамашылдығын арттырып, олардың әлеуметтік белсенділігін дамытады. Университетте оқу-жас таланттардың ашылуына, шығармашылық әлеуетін танытуына зор жол ашады.

ҚазҰУ әлемнің жетекші университеттерімен 500-ге жуық серіктестік келісімге ие. Академиялық ұтқырлық, қос дипломды бағдарламалар, халықаралық ғылыми жобалар, шетелдік профессорлардың дәрістері – студенттер мен оқытушылар үшін әлемдік білім кеңістігіне шығудың үлкен мүмкіндігі.Университет түлектері бүгінде елімізде ғана емес, әлемнің түрлі елдерінде табысты еңбек етуде. Бұл білімінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігінің тағы бір дәлелі.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың басты миссиясы-білімді, жауапты, заманауи ойлайтын, ел дамуына үлес қосатын кәсіби мамандарды даярлау. Университеттің стратегиялық бағыттары тұрақты даму қағидаларына, қоғам алдындағы жауапкершілікке, ұлттық рухани құндылықтарды сақтауға негізделген.Қара шаңырақ  ғылым мен білімнің іргелі ортасы ғана емес, елдің интеллектуалды әлеуетін қалыптастыратын, ұлттық прогресті алға бастайтын көшбасшы университет.

Мынбатырова Н.К.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының заң ғылымдарының кандидаты,доцент

Әділбай Тоғанас

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 1 курс магистранты

Сапалы білім — тұрақты дамудың негізі

Білім -кез келген мемлекеттің тұрақты дамуының басты факторы. БҰҰ...

Shymbulak открывает зимний сезон 6 декабря

6 декабря горный курорт Shymbulak официально открывает зимний сезон...

6 желтоқсанда Shymbulak қысқы маусымды ашады

6 желтоқсанда Shymbulak тау курорты қысқы маусымды ресми түрде...

Выйти на новый уровень независимости

ВОПРОСЫ ПЕРЕИМЕНОВАНИЯ УЛИЦ ОКАЗАЛИСЬ ЧУВСТВИТЕЛЬНОЙ ТЕМОЙ, СТАВ АРЕНОЙ ОЖИВЛЕННЫХ...