12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстан Конституциясы: Мемлекеттіліктің темірқазығы

2025 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толады. 1995 жылғы 30 тамызда жалпыұлттық референдумда қабылданған бұл тарихи құжат тәуелсіз еліміздің құқықтық іргетасын қалап, мемлекетіміздің саяси жүйесінің даму бағытын айқындаған айрықша мәнге ие. Конституция – Қазақстанның демократиялық жолды таңдағанының басты дәлелі әрі қоғамдық тұрақтылықтың берік кепілі.

1995 жылғы Конституция елдің жаңа құқықтық жүйесін қалыптастыруда шешуші кезең болды. Бұрынғы әкімшілік-әміршілік басқарудан бас тартып, билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу қағидаты толық орнықты. Адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын тану және қорғау мемлекеттің басты міндеті ретінде белгіленді.

Бұл құжат Қазақстанның зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуының стратегиялық бағытын айқындап, мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтерді.

Үш онжылдықта Конституция уақыт талабына сай жаңарып, бірқатар реформалардан өтті.
Маңызы ерекше өзгерістердің қатарында:

  • 2007 жылғы түзетулер – саяси жүйені жаңғыртуға, көппартиялылықты дамытуға жол ашты;
  • 2017 жылғы конституциялық реформа – билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөліп, Парламенттің рөлін күшейтті;
  • 2022 жылғы Жалпыхалықтық референдум – «Жаңа Қазақстан» саясатының бастамасы ретінде суперпрезиденттік модельден бас тартып, демократияландыру үдерісіне тың серпін берді.

Бұл өзгерістер Конституцияның уақытпен үндесіп, қоғамның сұранысына сәйкес дамып отыратынын дәлелдейді.

Негізгі заңның ең басты құндылығы – адам құқықтарының үстемдігі. Конституцияда әрбір азаматқа тән өмір сүру, білім алу, еңбек ету, сөз және ар-ождан бостандығы сияқты негізгі құқықтар бекітілген. Мемлекет азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтік қолдауды күшейтуге және құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге міндеттеледі.

30 жыл ішінде адам құқықтарын қорғау бағытында құқық қорғау институттары нығайып, сот жүйесі жетілдірілді, мемлекеттік қызмет саласын цифрландыру ашықтық пен қолжетімділікті арттырды.

Конституция – елдегі саяси-әлеуметтік тұрақтылықтың тірегі. Онда Қазақстан халқының бірлігі, толеранттылық, этносаралық және азаматтық келісім қағидаттары айқын көрініс тапқан. Бұл құндылықтар тәуелсіз еліміздің даму жолында қоғамды біріктіретін басты негіз болып қала береді.

Қызылорда қаласының №2 соты жетекші маманы М.Атабаева

ҚазҰУ-жастардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер алаңы

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-еліміздің ғана емес, бүкіл...

Өңдеу өнеркәсібі: 147 жоба іске асырылып, 18 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Елімізде өңдеу өнеркәсібіндегі өсім биыл да жалғасын тапты. Он...

Технология өндірісті қалай өзгертіп жатыр?

Қазақстан экономикасының басты тіректерінің бірі – өнеркәсіп. Елде бұл...

Инструмент противодействия манипуляциям и фейкам

Казахстанские ученые создали мобильный ресурс для борьбы с дезинформацией. Интерактивный...

Ұлттық білім мен ғылымның көшбасшысы

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-еліміздің жоғары білім беру...