Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-еліміздің жоғары білім беру жүйесінің алтын қазығы, ғылым мен инновацияның ірі орталығы, халықаралық деңгейде мойындалған академиялық бренд.90 жылға жуық тарихында университет Қазақстанның интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға, ұлттық ғылымның өркендеуіне, қоғамдық сана мен мәдениеттің дамуына орасан үлес қосып келеді.Қара шаңырақ білім ордасы ғана емес, мемлекеттің болашағын айқындайтын кәсіби кадрларды даярлайтын стратегиялық орталық. Университеттің аты әлемдік университеттер рейтингінде тұрақты түрде жоғары орындардан көрініп, QS World University Rankings тізімінде Орталық Азиядағы жетекші университеттер қатарынан табылып келеді. Бұл-білім сапасы, ғылыми орта, халықаралық академиялық байланыстар мен инновациялық инфрақұрылымның жоғары деңгейде дамығанының айқын дәлелі.Білім ордасының стратегиялық бағыты-жоғары сапалы білім беру, іргелі және қолданбалы ғылымды дамыту, инновациялық технологиялармен жұмыс істейтін бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау. Университет «Al-Farabi Smart University» жобасы арқылы цифрлық трансформацияны сәтті жүзеге асырып, жасанды интеллект, биотехнология, нанотехнология, IT-инновациялар бағыты бойынша жаңа ғылыми орталықтар ашты.Университет қалашығы-еліміздегі ең ірі студенттік кампустың бірі. Мұнда оқу корпустары, ғылыми кешендер, кітапханалар, спорт орталықтары, демалыс аймақтары, заманауи жатақханалар мен инновациялық хабтар бірегей құрылымға біріктірілген.Студенттердің жан-жақты дамуына жағдай жасайтын инфрақұрылым-оқу ордасының басты ерекшелігі. Университет кампусы жай ғана оқу орны емес, білім алушының тұлғалық, кәсіби және мәдени дамуына арналған толыққанды орта.
ҚазҰУ-да білім беру үдерісі әлемдік стандарттарға негізделген. Университет академиялық бағдарламаларды тұрақты жетілдіріп, еңбек нарығындағы сұранысқа сай жаңа бағыттарды енгізіп отырады. «Білім–ғылым–инновация» үштігіне құрылған оқу үдерісі студенттердің ғылыми зерттеулерге ерте араласуына мүмкіндік береді.Ғалымдардың жұмыстары халықаралық ғылыми журналдарда жарияланып, университеттің ірі ғылыми жетістіктері ел экономикасының түрлі секторларында қолданылып келеді. Университет жанындағы ғылыми-технологиялық парк стартаптар мен инновациялық жобаларды дамытуға қолдау көрсетеді.Білім ордаамыз 500-ден астам әлемдік университетпен және ғылыми орталықпен тығыз байланыс орнатқан. Студенттері мен оқытушылары академиялық мобильдік бағдарламалары арқылы шетелде білімін жетілдіріп, бірлескен ғылыми жобалар жүргізеді. Дипломның халықаралық мойындалуы түлектердің әлемнің кез-келген елінде мансап қалыптастыруына мүмкіндік береді.
Университет Erasmus+, DAAD, Mevlana, Fulbright сияқты бағдарламалардың белсенді серіктесі, бұл түлектердің жаһандық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына жағдай жасайды.Қара шаңырақ тек кәсіби маман ғана емес, жоғары мәдениетті, ұлтжанды, адамгершілігі мол тұлға тәрбиелеуді басты мақсат етеді. Университеттің тәрбие жұмысы әл-Фарабидің «Қайырымды қала» идеясымен үйлеседі: білімді жас-қоғамның игілігі мен дамуына қызмет етуге тиіс.Студенттердің әлеуметтік белсенділігін арттыру үшін ҚазҰУ-да 200-ден астам клуб, ұйым және ғылыми қоғам жұмыс істейді. Университет қабырғасында мәдени, шығармашылық, спорттық іс-шаралар жоғары деңгейде өтеді.Оқу ордамыздың түлектері еліміздің мемлекет қайраткерлері, министрлер, ғалымдар, дипломаттар, журналистер, заңгерлер, инноваторлар және бизнес лидерлері. Олардың кәсіби табыстары университеттің білім беру сапасының жоғарылағанын, ғылыми мектептердің дамығанын дәлелдейді.Университет қоғамға жауапты, білімді, бәсекеге қабілетті буын қалыптастыру арқылы мемлекеттің дамуына орасан үлес қосып келеді.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-еліміздегі жоғары білім беру саласының көшбасшысы, ұлттық ғылым мен инновацияның тірегі. Халықаралық деңгейде мойындалған оқу орны студенттерге терең білім, сапалы тәжірибе, заманауи ғылым және жан-жақты даму мүмкіндігін ұсынады. Өткеннің өнегесін, бүгіннің жетістігін және болашақтың биік мақсаттарын біріктірген абыройлы университет. Елдің интеллектуалды капиталы осындай білім ордаларында қалыптасады, ал ҚазҰУ осы миссияны табысты атқарып келеді.
Урисбаева А.А
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы


