Алматыда комьюнити-орталықтарда жастар бас қосып, диалогтық алаңдарда еркін пікір алмасады

Алматы қаласында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен барлық комьюнити-орталықтарда жастардың дамуына және олардың өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беретін түрлі диалогтық алаңдар ұйымдастырылуда.

Кездесулерде экология мен азаматтық белсенділіктен бастап, креативті индустриялар мен стартаптарға дейін әртүрлі тақырыптар қозғалады. Спикерлер ретінде мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнес және ғылым саласының мамандары, мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ табысты жобаларды жүзеге асырған жас көшбасшылар шақырылуда.
Бұл кездесулер қатысушылар үшін тек жаңа идеяларды тыңдау мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар көшбасшылық мектеп деуге болады. Жастар көпшілік алдында сөйлеуді, өз бастамаларын таныстыруды, серіктестер мен пікірлес достар табуды үйренуде. Мұндай диалог алаңдары алматылық жастарды қолдаудың маңызды шараларының біріне айналып, оларды қала өміріне белсенді қатысуға ынталандырады.

Алдағы іс-шаралардан хабардар болу үшін ұйымдастырушылар барлық комьюнити-орталықтардың ресми әлеуметтік желідегі парақшаларына жазылуды ұсынады.
Бүгінде Алматыда қаланың барлық аудандарында 11 комьюнити-орталық жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін олардың саны 16-ға жетіп, әр ауданда екі орталықтан ашылатын болады. Бұл жастарға заманауи білім беру, мәдени және әлеуметтік мүмкіндіктерге кеңінен қол жеткізуге жол ашады.
 

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...