12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы қаласындағы ЖРВИ, тұмау аурулары бойынша эпидемиологиялық жағдай

Алматы қаласы бойынша қазіргі уақытта бақылау деңгейінен аспайтын жіті респираторлық вирустық инфекцияларымен (бұдан әрі — ЖРВИ) сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі байқалатынын хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 47 аптасында  ЖРВИ-дің 32456 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші — 1382,09 құрады, бұл өткен аптадағы көрсеткіштен 17,6%-ға жоғары (27582 жағдай), өткен жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 37,2%-ға жоғары (23086 жағдай). Аурушаңдықтың 58,5%-ы балаларды құрайды (18992 жағдай).

Ағымдағы жылдың 47 аптасында қаланың 178 (51,4%) мектебінде оқушылар арасында шекті деңгейден аспайтын (20%-дан 30%-ға дейін) 10,0%-ға дейінгі ЖРВИ сырқаттанушылығының 1930 жағдайы тіркелді. 

Қалада 45 аптадан бастап А/H3N2 типті тұмау вирусы, сондай-ақ риновирус, парагрипп, аденовирус, маусымдық коронавирус сияқты басқа да тұмауға жатпайтын ЖРВИ вирустары айналымда бар. Тұмауға қарсы вакцинацияланбаған адамдар арасында А/H3N2 типті тұмаудың барлығы 52 расталған жағдайы тіркелді, барлық пациенттерге емдеу тағайындалды, денсаулық жағдайлары қанағаттанарлық.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойыншасолтүстік жарты шарда алдағы күзгі-қысқы маусымда А/H1N1/ pdm09 және А/H3N2 типті тұмау вирустары субтиптерінің В вирусының қосылуымен параллельді айналымы және басқа тұмау вирустары арасында эпидемиологиялық маусымның алғашқы апталарынан бастап А/H3N2 тұмау вирусының үлесі белсенді жоғарылауы мүмкін.

Эпидемияға дейінгі маусымда қала бойынша тұмауға қарсы 254 115 адам вакцинацияланды, бұл қаланың жалпы халқының 10,8%-ын құрайды, оның ішінде 250 000 адам «тәуекел тобындағы» адамдар. Тәуекел тобындағы адамдарды вакцинациялау 13.11.2025 ж. аяқталды.

Сонымен қатар, қала халқы ЖРВИ, тұмаудың эпидемиологиялық  маусымында аурудың өсуі кезеңінде алдын алудың келесі жалпы шараларын естен шығармау керек:

— дәрігердің тағайындауымен иммундау жүйесін көтеру: С дәруменін, оксолин сықпасын қолдану;

— жаппай іс-шаралар өтетін орындарға баруды қысқарту, бөлмелерде ылғалды жинау жүргізіп, желдету, ЖРВИ-мен науқастанғандармен қарым-қатынаста болмауға тырысу, қарым-қатынаста болған жағдайда бетперде кию;

— ауырған жағдайда, өз бетімен ем-дом қолданбай, үйден шықпастан, медицина қызметкерін шақыруы қажет, түшкіргенде және жөтелгенде ауызды қолмен, майлықпен жауып, қолды жиі жуу қажет;

— ауырған балаларды мектепке, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне, мәдени-жалпылама  іс-шаралары жүргізілетін орындарға жібермеу;

Осы аталған қарапайым нұсқауларды сақтау, сіздерді ЖРВИ мен тұмау ауруынан қорғайды.

Спикер — Қасымхан Алпысбайұлы

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы — Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

РЕСМИ ҚҰЖАТТАРҒА АПОСТИЛЬ ҚОЮ

Апостиль – құжатқа қол қойған тұлғаның қолын, оның өкілеттігін,...

Жемқорлықпен күрес тоқтамайды

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдары мен лауазымды...

Әкімшілік әділеттің маңыздылығы

Әкімшілік әділет Қазақстанда 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілді....

Мемлекеттен берілген жер мақсатына сай, уақытылы пайдаланылуы тиіс

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан...

Мемлекеттік тілді насихаттау

Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен...