Алматының мақтанышы: Шымбұлақ ЮНЕСКО клубы атанған әлемдегі жалғыз курорт

Алматының інжу-маржаны саналатын «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты әлемдік тарихта жаңа белесті бағындырды. Енді ол – жай ғана сырғанау алаңы емес, ресми түрде ЮНЕСКО клубы. Бұл туралы шешімді Қазақстандық Ұлттық клубтар федерациясы (KazFUCA) қабылдады.

Бұл жай ғана атақ емес. «Шымбұлақ» – жер шарындағы ЮНЕСКО клубы статусын алған тұңғыш әрі жалғыз тау курорты. Бұған дейін әлемнің ешбір еліндегі тау шаңғы кешені мұндай биік бағаға ие болмаған еді.

Мәртебе курорттың соңғы жылдары атқарған қыруар жұмысының нәтижесінде беріліп отыр. Арнайы комиссия Шымбұлақтың білім беру, экологияны қорғау және мәдениет саласындағы белсенділігін жоғары бағалаған.

Экология және қауіпсіздік – басты назарда

Курорт ұзақ уақыттан бері ESG (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) стратегиясын ұстанып келеді. Яғни, табиғатты аялау мен тұрақты дамуды бірінші орынға қойған.

Мысалы, былтыр KazFUCA-мен бірлесіп, «Mұздықтарды қорғау» тақырыбында ауқымды шығармашылық байқау өткізсе, биыл оқушылар үшін өте маңызды жобаны қолға алды. Ол – «Жастардың таудағы қауіпсіздігі» бағдарламасы.

Тауға шығу мәдениетін қалыптастыру мақсатында жақында ғана Шымбұлаққа ЮНЕСКО клубтарының жаһандық форумының қатысушылары арнайы келіп кеткен болатын.

Бұл статус бізге не береді?

«Шымбұлақ девелопмент» бас директоры Ринат Әбдірахмановтың айтуынша, жаңа мәртебе халықаралық аренада жаңа есіктер ашады.

«ЮНЕСКО клубы атануымыз – экологиялық ағарту бағытындағы еңбегіміздің жемісі. Бұл бізге халықаралық білім және мәдени жобаларға қатысуға үлкен мүмкіндік береді. Біз осы бағытта жұмысты күшейте береміз», – деп атап өтті басшы.

Айта кетейік, ЮНЕСКО клубтары – бұл білім, ғылым және мәдениет саласындағы игі бастамаларды қолдайтын ерікті бірлестіктер. Енді қазақстандық курорт та осы жаһандық қозғалыстың толыққанды мүшесі.

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...