12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚазҰУ-ұлттық білім беру сапасының стандартын қалыптастырушы

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-көпжылдық дәстүр мен заманауи инновацияны үйлестіре білген жетекші жоғары оқу орны. Университеттің стратегиялық даму саясаты әлемдік білім беру үрдістерімен, соның ішінде БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) үйлесімді түрде іске асырылып келеді. Сол мақсаттардың ішіндегі ең маңызды бағыттардың бірі-ТДМ 4 «Сапалы білім», яғни барлық тұлғалар үшін инклюзивті, тең және сапалы білім беру.Университеттің білім беру үдерісі халықаралық талаптарға сай жаңартылып, заманауи педагогикалық әдістер кеңінен енгізілуде.Білім ордасы академиялық бағдарламалардың сапасын тұрақты бақылауға, тәуелсіз аккредитациядан өткізуге, білім беру нәтижелерін халықаралық рейтингтермен сәйкестендіруге ерекше мән береді.Бұл өзгерістер студенттерді тек теориялық біліммен емес, нақты кәсіби шеберлікпен қамтамасыз етуге бағытталған.ТДМ 4-тің басты талаптарының бірі – сапалы білімге қолжетімділікті кеңейту. Осы тұрғыдан қара шаңырақ цифрлық экожүйе жыл сайын дамып келеді.Университеттің “Smart Campus” концепциясы білім алушылардың оқу үдерісіне толыққанды қатысуын жеңілдетеді. Электрондық кітапхана, онлайн оқулықтар, цифрлық тестілеу жүйесі, академиялық аналитика-бәрі студенттің білім траекториясын тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.Қашықтан оқыту платформалары халықаралық стандарттарға сай жетілдіріліп, сырттай форматтағы студенттердің де сапалы білім алуына жол ашылды. Бұл-ТДМ 4 индикаторларының бірі-«білімнің қолжетімділігі» принципін жүзеге асырудың нақты мысалы.

     Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерімен стратегиялық серіктестік орнатқан. Студенттер үшін академиялық ұтқырлық бағдарламалары, шетелде тағылымдамалар, бірлескен ғылыми жобалар қолжетімді.Халықаралық ынтымақтастықтың артықшылықтары:

-үздік шетелдік профессорлардың дәрістері;

-қос диплом бағдарламалары;

-ғылыми базаларды ортақ пайдалану;

-студенттердің жаһандық тәжірибе жинауы.Бұл бағыт ҚазҰУ-ды ТДМ 4-ке сәйкес инновациялық, бәсекеге қабілетті және ашық университет ретінде танытады.ҚазҰУ-дың ғылыми әлеуеті еліміздегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі саналады. Университет жанында 100-ден астам ғылыми-зерттеу орталықтары, зертханалар, технопарк, инкубациялық хабтар жұмыс істейді.Ғылыми жұмыстарға студенттерді ерте кезеңнен тарту-университеттің басты ерекшелігі. Магистранттар, докторанттар, жас зерттеушілер түрлі гранттық қаржыландыруға қатысып, халықаралық конференцияларда өз жобаларын таныстыруға мүмкіндік алады.Бұл-ТДМ 4-тің “өмір бойы білім алу” тұжырымдамасына тікелей сәйкес келетін қағидат.Сапалы білім-тек оқу бағдарламаларының мазмұнымен ғана емес, қолайлы әлеуметтік орта қалыптастырумен өлшенеді. Оқу ордамызда  ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге арналған инклюзивті инфрақұрылым жылдан жылға жетілдіріліп келеді.ҚазҰУ студенттері қоғамның белсенді азаматы болуы үшін әлеуметтік жобаларға, волонтерлік қозғалыстарға, құқықтық және экологиялық бастамаларға тұрақты түрде қатысады.

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ТДМ 4-сапалы білім мақсатын жүзеге асыруда ұлттық деңгейде көшбасшы болып қалыптасты.

ҚазҰУ үшін сапалы білім-стратегиялық мақсат қана емес, университет философиясының терең мәні. Бүгінгі таңда атқарылып жатқан жұмыстар еліміздің білім беру кеңістігін әлемдік деңгейге шығарып, тұрақты даму мақсаттарын орындауға үлкен үлес қосуда.

Абдрахманов Д.С

Әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ Заң факультеті

қылмыстық құқық, қылмыстық

іс жүргізу және криминалистика

кафедрасының аға оқытушысы

Алмаз Маркабаев

Әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ Заң факультетінің студенті  

Защита прав государственных служащих – одно из приоритетных направлений

На Департамент Агентства РК по делам государственной службы по...

ҚазҰУ-дың еліміздегі  білім мен ғылымды дамытудағы рөлі

  Алматының жүрегінде орналасқан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-еліміздегі...

Интернет-мошенничество: угроза, о которой должен знать каждый

В эпоху цифровых технологий интернет стал неотъемлемой частью жизни...

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту

«Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттік...

Кәмлетке толмағандарды девиантты мінез-құлқы бар арнайы білім беру ұйымына жіберу

Қазіргі қоғамда кәмелетке толмағандардың мінез-құлықтағы ауытқушылықтары (девиация) – әлеуметтік...