12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Е-өтініш» ақпараттық жүйесі базасында жеке тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру

         2019 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым‑Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог ‑ Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауын жолдады. Онда азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндетін қойды.

Осы тұжырымдаманың негізгі элементтерінің бірі — 2021 жылдың 01 шілдесінен бастап іске асырылып жатқан Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік  Кодексі» және де өтініш берушілермен жұмыс сапасын арттыру мақсатында азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі.

Өтініштермен жұмыстың барлық процестерін цифрландыру келесіні қамтамасыз етеді:

— өтініштерді мемлекеттік органдардың құзыреті бойынша бағытын автоматты түрде анықтау;

— мемлекеттік органдар арасындағы сұраныстар санын оңтайландыру есебінен өтініштерді қарау мерзімін қысқарту;

— өтініш берушіні өтінішті қараудың барлық кезеңдері, сатылары және мерзімдері туралы хабардар ету;

— мемлекеттік органдарға келіп түсетін барлық өтініштердің бірыңғай базасын қалыптастыру.

Сонымен қатар, «Е-өтініш» жүйесі өтініш берушімен кері байланыс жүйесін жүргізуге және мемлекеттік органдардың жұмыс сапасын бағалауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік органдардың жауаптары жүйелі талдаудан өткізіледі. Бұл жазылымнан бас тарту фактілерінің жолын кесуге ықпал етеді және нақты салаларда өтініштерді қараудың бірыңғай тәжірибесін қалыптастырады.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдарға жүктемені азайту, типтік жағдайлар бойынша қағазбастылық пен төрешілдікті болдырмау мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы базасында «Нәтиже» орталығының жұмысы енгізілген. Оның міндеті тек өтініштерді қабылдауда ғана емес, сондай-ақ жүйеде «білім базасын» пайдалана отырып немесе тиісті мемлекеттік органның жауапты қызметкерімен қашықтан қызмет көрсетуді ұйымдастыру жолымен азаматтың мәселесін сол жерде шешілуін қайта өңдеу болып табылады.

 «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі базасында жеке тұлғалардың өтініштері Оңайлатылған әкімшілік рәсім арқылы жүзеге асырылады және де олармен жұмыс жасау «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік  Кодекстің» 3, 12 тарауларында көзделген тәртіппен іске асырылады.

Өтініштер «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіне арыз бен шағым, сұраныс, ұсыныс және үн қосу /отклик/ ретінде келіп түсуі мүмкін.

Әр өтініштің өзіне қарасты қарау мерзімдері бекітілген. Мысалы айтқанда арыз — 15 жұмыс күні. Шағымды қарау мерзімі шағым келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды. Адвокаттың сұранысына 10 жұмыс күні, БАҚ өкілдерінің сұранысына 5 жұмыс күннің ішінде жауап берілу қажет. Яғни, өтініштің тек түрі емес, сонымен қатар қайдан, кімнен келіп түскеніне қарай оған жауап беру нақты мерзімі заңнамаларда бекітілген. Өтініштің түрін ақпараттық жүйеде нақты көрсеткен уақытта оны қарау мерзімі автоматты түрде көрсетіледі.

Қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жолданымдар және іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамасында және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген істер әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды.

Өтініштерге жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде мазмұны бойынша негiзделген және уәжделген болуға, оның қабылданған шешiмге шағым беру құқықтары түсiндiріле отырып, арыз иесінің дәлелдерiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты фактілерді қамтуға тиiс.

Өтініштерді қарайтын субъектілер мен лауазымды адамдар арыз иесіне әкімшілік істі қараудың нәтижелері және қабылданған шаралар туралы хабар береді.

Әкімшілік істі оңайлатылған әкімшілік рәсімде қарау қорытындылары бойынша мынадай:

      1) жауап, оның ішінде хабардың, ұсыныстың, үн қосудың, сұрау салудың мәні бойынша ақпарат беру;

      2) назарға алу;

      3) оңайлатылған әкімшілік рәсімді тоқтату туралы шешімдердің бірі шығарылады.

         Ал, «Төрелік» ақпараттық жүйесіне интеграцияланған қылмыстық іске қатысты  өтініштер, оларға жауап берілгеннен соң, жауап «Е-өтініш» базасында көрініс тауып, «Орындалды» деген кілттік сөзімен автоматты түрде жабылады.

Мемлекеттік органдардың басшылары жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарымен жұмысты ұйымдастыруға, іс жүргізудің жай-күйіне дербес жауапты болады.

         Сондықтан, өтініштерге немқұрайлықпен қарамай, заң аясында мерзімінде жауап беріп, әр лауазымды тұлғамен жауапкершілікпен қаралу қажет.

            «Е-Өтініш» платформасын құру және дамыту ‑ ашық, адал және тиімді мемлекеттік басқаруға жасалған маңызды қадам. Бұл ‑ әділетті Қазақстанды қалыптастыру жолындағы маңызды элемент, онда әр дауыс маңызды, ал әр өтініш ‑ оң өзгеріс жасау мүмкіндігі.

Гүлбану Саутова, Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің бас маманы

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту

«Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттік...

Развитиелогистики и трансграничных хабов

Министр торговли и интеграции Арман Шаккалиев сообщил, что запуск...

Казахстан разработал Концепцию управления всеми видами отходов на 2026–2030 годы

Вице-министр экологии и природных ресурсов РК Жомарт Алиев на...

Во имя будущего страны

Управление образования г. Алматы посвятило очередное расширенное заседание актуальным...

От концепции к реальности

Идея «Слышащего государства» давно перестала быть просто политическим лозунгом...