Әуе және теміржол билеттері қымбаттай ма?

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Үкіметте өткен баспасөз брифингінде ел ішіндегі негізгі бағыттар бойынша рейстер саны артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл өзгерістер әуе қатынасына да, теміржол бағыттарына да қатысты болады.

Әуе рейстерінің саны көбейеді. Қосымша рейстер негізгі бағыттар бойынша анықталады. Бұл жолаушылар орнының санын арттыру арқылы да, тікелей жаңа рейстер ашу арқылы да жүзеге асады. Әсіресе Алматы, Шымкент, Ақтау бағыттары бойынша ұлғайту жоспарланған. Теміржол бағыттарына да қосымша құрамдар қойылады. Қолданыстағы маршруттарға жолаушылар санын көбейту үшін тіркеме вагондар қосылады, – деп атап өтті вице-министр.

Журналистер вице-министрден билет бағасының қымбаттау ықтималдығы туралы да сұрады.

Жалпы алғанда, билет бағасының қымбаттауы күтілмейді. Халықтың 50%-дан астамы алдағы мереке күндеріне байланысты өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, билеттерін ерте сатып алады. Келесі жылға арналған жоспарларда билет бағасын көтеру қарастырылмаған, – деп жауап берді Мақсат Қалиақпаров.

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы...

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.