Сот саласындағы сандық өзгерістер мен жасанды интеллект игіліктері

Қазір жасанды интеллект – әлемдік тренд. Біздің қоғам цифр­ландыруды қолдану мен жасанды интеллектіні бағындыруда уақытпен бірге, көштен қалмай келеді деуге негіз бар. Жақында ғана мемлекет басшысының Жолдауына арқау болған мәселе еліміздің барлық саласында қарқынды түрде енгізіліп жатыр. Қай саланы алып қарасаңыз да, цифрлық бағдарламаларға, жасанды интеллектіні қолдануға талпыныс байқалады. Соның ішінде сот жүйесі де жасанды интеллект игіліктеріне дер кезінде бейімделіп үлгерген сала.

Мәселен Қазақстан халықтың мекемелерге цифрлық қолжетімділік деңгейі бойынша әлемде төртінші орында тұр. Қазақстандықтар Face ID және Touch ID көмегімен үйден немесе кеңседен шықпай-ақ сотқа жүгініп, құжаттарды электронды түрде бере алады.Сот құжаттарын дайындауда қағазбастылық жойылып, электронды көрсетілетін қызметтер аясы кеңейді. Бүгінгі онлайн соттар да сол жаңа технология жемісі. Сот саласы жасанды интеллект көмегімен судьялар қызметін жеңілдетуге, азаматтардың әуре-сарсаңын азайтуға, сотқа деген сенімді нығайтуға басымдық беріп отыр.

Мәселен Қазақстанда 2022 жылы азаматтық істерді қарау үшін роботтық жүйе енгізілді. Мұндағы жасанды интеллектінің көмегі неде? Ең алдымен робот бірдей істерді топтастырып, олар бойынша қандай заңдарды қолдану туралы болжам-ұсыныс жасауымен құнды. Әрине, робот қателесуі, қандай да бір техникалық ағаттық жіберуі мүмкін. Бірақ, істегі соңғы нүктені судья қоятындықтан, оған дейінгі қадамдарды роботтың жасауы сот сапасына ешбір кедергісін тигізбейді. Керісінше бірдей істерді жинақтап судья қарауына ұсыну заңды қолдануда біркелкілікті қамтамасыз етудің, қателік жасамаудың алғышарты саналады.

Сотқа енгізілген жасанды интеллектің ізгілігі аз емес. Ол негізінен ортақ жүйедегі істердің санатын анықтауға, ұқсас істерді іздеуге, барлық соттардағы жағдайды бақылауға, сот шешімдеріндегі сәйкессіздіктерді анықтауға және азаматтық істердің нәтижесін болжауға бағытталған. Жасанды интеллект ұсынған ұқсас істер бойынша сот практикасы судьялардың уақытын ұтымды пайдаланып, керекті мәліметтерді бірден таразылауына көмектеседі.

Саладағы жасанды интеллект игілігі олардың тиімділігін көрсетіп отыр. Сондықтан алдағы уақытта сот жүйесінде жасанды интеллект пен сандық технологияға қатысты жақсы жаңалықтар көбейе бермек.

Алмабекова Кулмира Абиловна, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...

ПРЕСТУПЛЕНИЕ: ОТ СООБЩЕНИЙ К ПОХОРОНАМ

ДОЛГОЕ ВРЕМЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ ОТСУТСТВОВАЛО САМО ПОНЯТИЕ СТАЛКИНГА КАК САМОСТОЯТЕЛЬНОГО ПРОТИВОПРАВНОГО ДЕЯНИЯ. НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО ЖЕРТВЫ НЕРЕДКО СООБЩАЛИ О НАВЯЗЧИВЫХ ЗВОНКАХ, ПОСТОЯННОЙ СЛЕЖКЕ, УГРОЗАХ И ПРЕСЛЕДОВАНИИ, ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫЕ ОРГАНЫ БЫЛИ...