12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

2025 жылдың 18 қараша күні Алматы қаласы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста мемлекеттік қызметтің тиімділігі, тәртіптік тәжірибе және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрі әдеп нормалардың сақталуы бойынша маңызды мәселелер талқыланды.

Кеңес жұмысы барысында 4 профилактикалық мәселелер қаралды.

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу жұмысы

Кеңес мүшелері Алматы қаласының мемлекеттік органдардың бірінде атқарылып жатқан жұмысы туралы мәліметті тыңдады.

Аталған бағыттағы түсіндіру шаралары мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыруға және құқықбұзушылық тәуекелдерін төмендетуге ықпал ететіні атап өтілді.

2. Өңірлік кадр резерві қызметкерлерін жергілікті атқарушы органдарға тағайындау нәтижелері

Өңірлік кадр резервінен жергілікті атқарушы органдарға тағайындау бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижелері қаралды.

Кеңес тиімді әрі ашық іріктеу тетігінің маңызын атап өтіп, бұл жүйе мемлекеттік қызмет корпусын жаңартуға және кәсіби даярланған мамандарды тартуға мүмкіндік беретініне назар аударды.

3. 2025 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша тәртіптік тәжірибенің қорытындылары

Алматы қаласы әкімі аппараты жанындағы Бірыңғай тәртіптік комиссия мен аумақтық мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының қызметі туралы талдау тыңдалды.

Қарау қорытындысы бойынша қызметтік әдепті сақтау, тәртіпті нығайту және анықталған бұзушылықтарға уақытылы әрекет ету қажеттілігі атап өтілді.

4. Әдеп нормаларды бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселелері

2025 жылдың 9 айы ішінде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы бойынша жүргізілген талдаудың нәтижелері қаралды.

Қызметшілердің жеке жауапкершілігін арттыру және алдын алу шараларын күшейту бұзушылықтар санын азайтуға ықпал ететіні айтылды.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар беріліп, кадр саясатын жетілдіруге, қызметтік тәртіпті нығайтуға және мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға бағытталған шаралар айқындалды.

Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға және мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар маңызды шешімдер қабылдады.

 Диляра Сакеновна Жубаназарова,Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Алматы қаласы бойынша департаментінің

мемлекеттік қызмет саласындағы

бақылау басқармасының бас маманы

ОЧЕРЕДНОЕ ЗАСЕДАНИЕ СОВЕТА ПО ЭТИКЕ ПО ГОРОДУ АЛМАТЫ

18 ноября 2025 года состоялось очередное заседание Совета по...

В Общественном совете при Минэнерго обсудили экспорт нефти, модернизацию НПЗ и цифровизацию

Очередное заседание Общественного совета по вопросам топливно-энергетического комплекса прошло...

Гендерлік теңдікке қол жеткізу

Президент Қасым Жомарт Тоқаев жастар кадр резервінің форумында әділетті...

Споры в сфере договорных обязательств в Республике Казахстан: проблемы, тенденции и правовое регулирование

Договорные обязательства лежат в основе большинства коммерческих и хозяйственных...

Восстановление прав услугополучателей является одним из приоритетных направлений

Одним из приоритетных направлений деятельности Департамента Агентства РК по...