Қызметкерлерге қандай жағдайда сыйақы немесе «13-ші жалақы» беріледі?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қызметкерлерге қандай жағдайда сыйақы немесе «13-ші жалақы» берілетінін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

ОКҚ брифингі кезінде журналистер Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Ахметовтен қандай қызметкерлер сыйақыға және «13-ші жалақыға» үміттене алатынын сұрады.

Комитет төрағасы сыйақылар мен өзге де ынталандыру төлемдерін беру тәртібі алдын ала ұжымдық немесе жеке еңбек шарттарында көрсетілуі тиіс екенін айтты. Егер бұл шартта көзделмесе де қызметкерлер сыйақы немесе 13-ші жалақы төлеуді сұрай алады. Алайда басшылықтың одан бас тартуға құқығы бар.

Қызметкерлер басшылықтан сыйақыны талап ете алады. Бірақ оны басшылық бере ала ма? Ұйымның мұндай қаржылық мүмкіндігі бар ма? Сыйақы беру соған байланысты, – деп түсіндірді Ахметов.

Комитет басшысы атап өткендей, Қазақстанда еңбек дауларының басым бөлігі осындай сыйақы төлеу мәселесіне байланысты.

Қызметкерлер “жыл соңында немесе қандай да бір мерекеге орай сыйақы төлеңіздер” деп айтады. Ал кәсіпорын әкімшілігінде ондай қаражат жоқ, бюджетте қарастырылмаған немесе мүлдем жоқ. Осылайша еңбек даулары туындайды, – деді ол.

Сондай-ақ, Ахметовке мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлері сыйақыға үміттене ала ма деген сұрақ қойылды. 

Оның айтуынша, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын қызметкерлерге сыйақы төлеуге мүмкіндік беретін Үкімет қаулысы бар.

Сыйақы тек үнемделген қаражат болған жағдайда ғана беріледі. Құжатта:

— кімге және не үшін төленетіні;

— үнем қандай шығыс баптарынан қалыптасуы мүмкін екені көрсетілген.

Егер осындай үнем болса, мемлекеттік орган немесе бюджет ұйымы басшылығы сыйақы төлеу туралы шешім қабылдауға құқылы. Оның мөлшері жеке анықталады. Ал егер үнем болмаса – төлемдер қарастырылмайды, — деді комитет төрағасы. 

Мемлекеттік туды пайдаланудың жаңа ережелері бекітілді 

Мемлекеттік туды жеке тұрғын үйлерге биіктігі 3 метрден кем емес жерде орнатуға болады.

Қазақстанда кедейлер саны бір жылда 10%-ға артты

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, табысы нақты күнкөріс минимумынан (64,2 мың теңге) төмен азаматтар 173 мың отбасын құрайды.

Елорда күнінде Астанада 24 сәби дүниеге келді 

Елорда күні Астанада 24 сәби дүниеге келді.

Әлем чемпионаты: Испания мен Бельгия ширек финалға жолдама алды 

Айта кетейік, Испания құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында 2010 жылғы чемпиондық жорығынан кейін алғаш рет өнер көрсетпек.

“Астана – егемен еліміздің жүрегі“. Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады. Ресми...