Үкімет ата-аналардың жұмыс уақытын қысқартуы мүмкін

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жұмыс істейтін ата-аналар үшін жұмыс күнін қысқарту туралы депутаттардың ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, бұл бастама туралы алдын ала естімесе де, мәселеге қатысты өз ойын ортаға салды.

Мұндай тәжірибе әлемде бар. Сонымен қатар біреу үйде болып, үй шаруасымен айналысып, әсіресе балалармен отырса – бұл да өнімділік. Мұны ескермеуге болмайды, – деді Серік Жұманғарин Сенатта өткен баспасөз брифингінде.

Вице-премьердің пайымдауынша, мұндай аспект экономикалық есептеулерде де ескеріледі. Ол ұсынысты қарауға уәде берді.

Мұның бәрі есептелетін дүниелер, экономиканың өз өлшемдері бар. Сондықтан бұл бастаманы тереңірек бағалау қажет шығар. Депутаттар бізге ресми түрде жүгінсе, кез келген ұсынысты қарауға міндеттіміз, – деп атап өтті ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов кішкентай балалары бар ата-аналардың жұмыс уақытын қысқарту мәселесіне қатысты пікір білдірген еді.

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.