12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚазҰУ-дің халықаралық беделі жоғары

Мен жанбасам лапылдап,

Сен жанбасаң лапылдап.

Біз жанбасақ лапылдап,

Аспан қалай ашылмақ,- деп Назым Хикмет жырлағандай, бүгінгі жастар ертеңіміздің мызғымас кепілі. Осы себепті олардың білімді, жан-жақты болуы ел дамуындағы аса маңызды фактор саналады.

Мұны айтып отырғанымыз, елге ие болатындай жастарды тәрбиелеп, оларды сапалы біліммен болашаққа бағыттауда жоғары оқу орындары маңызды рольге ие. Осы ретте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін ұлағатты ұстаздардың ұлы істері мен жалынды жастардың білім-ғылымға деген ізденісі тоғысқан білім ордасы деуге толық негіз бар. Мәселен, университеттің заманауи инфрақұрылымы, ондағы ғылыми-зерттеу орталықтары, жаңа технологиялар мен педагогикалық әдістер, т.б. көптеген жетістіктері  студенттердің кәсіби өсуінде ықпалы зор.

Ғылым және білім саласындағы жетістіктері ҚазҰУ-ді  әлемдік аренада танытты. Мұндағы әрбір студент болашағына сеніммен қарайды. Өйткені, ҚазҰУ қалашығында заманауи оқу корпустары мен кітапхана, интернет-орталық, фуд-корт, спорт кешені, кинотеатр, студенттерге қызмет көрсету орталығы, әскери кафедра, жас ғалымдар үйі, жатақханалар, болашақ мамандардың жайлы өміріне арналған барлық  мүмкіндік қарастырылған. Аудиториялар мен кітапханалар, ғылыми зертханалардың заманауи үлгіде. Сонымен қатар, оқу орнында  білім сапасын арттыруға және студенттер мен мұғалімдердің ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға бағытталған жаңа жобалар үздіксіз жүзеге асырылады.

ҚазҰУ-де халықаралық Фараби форумын өткізу дәстүрге айналған. Биыл IV форум өтті. Форум аясында студенттердің үздік инновациялық жобаларымен жабдықталған  көрме ұйымдастырылып,  талантты жас ғалымдардың ғылымның әртүрлі саласындағы үздік жұмыстары қойылды. Іс-шараның нәтижесінде былтыр университет ғалымдарының 402 ғылыми-зерттеу жобасын іске қосты. Жас ғалымдар мен өнертапқыштардың, студенттердің білім-ғылымға деген құлшынысын арттырып, әлеуетін дамытуды көздейтін іс-шаралар университет басшылығы тарапынан жүйелі жолға қойылған.

Университет академиялық жетістігі жағынан әрқашанда халықаралық және ұлттық рейтингтерде алдыңғы орындардан көрінуде. Ғасырға жуық уақытта қасиетті қарашаңырақ білікті мамандар даярлауымен өзінің бірегей дәстүрін қалыптастырды. Білім ордасының стратегиялық міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асыруы өз кезегінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қосуына серпін беруде.

Айтып өтерлігі, унсиверситеттің әлеуметтік және халықаралық қызметі ерекше назар аудартады. Мысалы, ҚазҰУ-дің 47 елдің 500-ден астам жоғары оқу орындарымен, сондай-ақ, ғылыми орталықтарымен ынтымақтастық орнатуы бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге кеңінен жол ашуда. ҚазҰУ көптеген халықаралық білім беру бірлестіктері мен консорциумдарының, атап айтқанда, Халықаралық университеттер қауымдастығы мен  университеттердің Еуразиялық қауымдастығының, т.б. мүшесі. Университеттің әлемдік деңгейде танылуының бір парасы халықаралық әріптестіктің кеңеюмен, сондай-ақ, БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының белсенді қызметімен де байланысты.

Гулия Мұқалдиева,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек

құқығы кафедрасының  қауымдастырылған профессоры

Оқушыларға буллинг пен тәуелділіктің зияны туралы профилактикалық дәріс оқылды

«Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің...

Алматыда Тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты басталды

Биыл 21 мемлекеттен 180 тоғызқұмалақ шебері бақ сынайды. Тоғызқұмалақтан...

890 млрд тенге привлечено в экономику Актюбинской области с начала года

Рост инвестиций составил 129,1% в Актюбинской областиКакие инвестиционные проекты...

«Заңға бағынған-құл болмайды!» деген тақырыпта семинар өтті

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекеменің...