Қазақстанның бірнеше өңірінде оқушылар қашықтан оқиды

Қазақстанның 7 өңірінде ЖРВИ салдарынан 132 мектепте 1469 сынып қашықтан оқуға ауыстырылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанада өткен баспасөз мәслихатында Бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова мән-жайды айтты. Оның сөзінше, мына өңірлердегі сыныптар қашықтан оқуға ауыстырылды:

  • Астана — 24 мектеп, 182 сынып;
  • Абай облысы — 21 мектеп, 276 сынып;
  • Шығыс Қазақстан облысы — 57 мектеп, 204 сынып;
  • Жамбыл облысы — 14 мектеп, 598 сынып;
  • Қостанай облысы — 12 мектеп, 168 сынып;
  • Ақмола облысы — 3 мектеп, 21 сынып;
  • Қарағанды облысы — 1 мектеп, 20 сынып.

Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады. 

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы...

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.