Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Газадағы қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Газадағы қақтығысты тоқтатудың кешенді жоспары туралы 2803 (2025) қарарының қабылдануын құптайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Америка Құрама Штаттары мен Президент Дональд Трамптың, сондай-ақ атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілуіне маңызды үлес қосқан басқа елдердің күш-жігерін жоғары бағалаймыз.

Қарардың қабылдануы – Газа секторындағы жағдайды шешуге, тараптар арасындағы сенімді қалпына келтіруге және Таяу Шығыстағы тұрақты бейбітшілікке бағытталған маңызды қадам.

Қазақстан БҰҰ Жарғысына, Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларына, халықаралық гуманитарлық құқыққа және тәуелсіз, өміршең және аумақтық тұрғыдан біртұтас Палестина Мемлекетін құруды көздейтін «екі халық үшін екі мемлекет» формуласына негізделген Таяу Шығыс мәселесінің бейбіт, кешенді және орнықты шешілуін үнемі қолдайды.

Қазақстан Ибраһим келісімдері аясында барлық серіктестермен, соның ішінде процестегі негізгі дәнекерлермен сындарлы түрде өзара әрекеттесуге және жағдайды тұрақтандыруға, халыққа гуманитарлық колдауды арттыруға және ұзақ мерзімді саяси процеске жағдай жасауға бағытталған халықаралық күш-жігерге одан әрі үлес қосуға дайын.

Әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандады 

Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 42 центке (0,47%) төмендеп, барреліне 88,56 долларды құрады.

Еліміздің 14 өңірінде аптап ыстық болады

13 тамызда бір өңірлерде аптап ыстық болса, тағы бір өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, тіпті бұршақ түседі деп болжанды,

Тоқаев АҚШ-қа барады: Сапар алдында Астана мен Вашингтон келіссөздерді бастады 

Майами қаласында өтетін «G20» саммитіне Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен қатысады.

Колумбияда үш күндік ұлттық аза тұту жарияланды 

10 тамызда Колумбияда болған магнитудасы 7,4 жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 230 адамнан асты.

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады 

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам баланың бірінші сыныпқа баруы күтіледі. Қазір олардың 320 мыңға жуығы мектепке қабылданды.