12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

2026 жылдан бастап енгізілетін салық реформасы: кімге тиімді, қандай өзгеріс күтіп тұр?

2025 жылдың 18 шілдесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Жаңа Салық кодексі және оған сәйкес түзетулер заңын қабылдаған еді. Бұл реформалар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Жаңа кодекс кәсіпкерлерге оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін маңызды мүмкіндіктер әкелері сөзсіз. Жаңа жүйенің тиімділігі туралы зерттеп көрдік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Негізгі өзгерістер

  • Салық есептілігінің көлемі шамамен 30%-ға азаяды
  • Салық және төлем түрлерінің саны 20%-ға қысқарады
  • Арнайы салық режимдерінің саны 3 негізгі режимге қысқарды. Олар өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режим. Екінші – қарапайым декларацияға негізделген режим және шаруашылық режим.
  • Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарға арналған режимде жеке табыс салығы толығымен жойылып, тек әлеуметтік төлемдерге міндеттеме қойылады.

Сарапшылар жаңа Кодекстің басты мақсаты – салық жүйесін түсінікті, ыңғайлы ету. Сондай-ақ бұл кәсіпкер ретінде тіркеле алмай, жеке тасада жұмыс істеп отырған кәсіпкерлер үшін тиімді екендігін айтады.

Қазіргі таңда өзін-өзі қамтып отырған кәсіпкерлердің көбісі ресми тіркелмеген. Жаңа жүйедегі өзгерістер олардың экономикалық айналымға ашық түрлі кіруіне мүмкіндік береді. Ең бастысы табыс салығын алып тастау арқылы мемлекет адамдарды салықтан қашпауға ынталандырып отыр,- дейді қаржыгер Батырхан Демесінов.

Мүмкіндіктер мен тәуекелдер

Жаңа жүйеде бұрынғыдай кәсіпкер ретінде арнайы тіркелудің қажеті жоқ. Енді жеке тұлға ретінде де қызмет көрсетіп, табыс табуға мүмкіндік ашылады. Мемлекет бұл режим арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін тіркеуге алуды және көлеңкелі табыстарды азайтуды көздеп отыр. Төленетін салық құны жоқ. Тек әлеуметтік аударымдардың 4%-ы ғана төленеді.

Дегенмен кез келген жеңілдіктің астарында бір күмән, тәуекел тұрары сөзсіз. Бұл жеңілдіктер барлық кәсіпкерге не азаматтарға тиесілі болмайды және қызметкерлерді жалдауға тыйым салынатын салаларға қатысты болмақ. Бұл тұрғыда Үкімет арнайы тізім әзірлеу үстінде. Оған алдын-ала болжам бойынша, үй қызметтері, жеке сабақ беру, фриланс, қолөнер секілді қызмет түрлері кіруі мүмкін.

Сонымен қатар, мобильді қосымша арқылы салықты есептеп, төлеу мүмкіндіктері қарастырылады.

Көлеңкелі экономикаға қалай әсер етеді?

Сарапшылар Жаңа Салық кодексіндегі бұл өзгерістерді оң нәтижеге теңейді. Себебі салық ауыртпалығы төмендеген сайын, жасырын жұмыс істейтін кәсіпкерлер де азаяды деп есептейді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтитындар үшін бұрынғы жүйе тым күрделі болды. Көп адам ресми тіркелуге ниеті болғанымен, артық есеп, артық салықтық жүктемеге бас ауыртқысы келмеді. Енді жаңа режим табыс салығын мүлдем алып тастап, тек әлеуметтік төлемді қалдырып отыр. Бұл психологиялық барьерді шешетін негізші шешім болды. Сондықтан қаншалықты салық аз болса, соншалықты жасырын жұмыс істейтін кәсіпкерлер саны азаяды, — дейді экономист Батырхан Демесінов.

Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстарының жүйелі түрде жүргізілуі керектігін айтады.

Халық жаңа режимнің артықшылықтарын түсінбесе, реформа толық нәтиже бермейді. Сондықтан түсіндіру жұмыстары бұл өзгерістердің табыстылығының тең жартысын құрайды, — дейді ол.

Қорытындылай келе, сарапшылар Жаңа Салық кодексінің қарқынды жұмысы нәтижесінде көлеңкелі экономика үлесін 10-15%-ға қысқартуы мүмкін деп болжайды. Бұл Қазақстан экономикасына да тың өзгерістер мен қарқынды өсім алып келері сөзсіз. Себебі жаңа Салық кодексі еліміздегі жаңа экономикалық саясаттың бастауы болып тұр.

Небоевые потери: кто виноват?

ЭМОЦИОНАЛЬНЫЙ МИТИНГ МАТЕРЕЙ, ЧЬИ СЫНОВЬЯ ПОГИБЛИ ИЛИ ПОСТРАДАЛИ ВО ВРЕМЯ СЛУЖБЫ В КАЗАХСТАНСКОЙ АРМИИ, ВСКОЛЫХНУЛ НА ДНЯХ АСТАНУ, ПОКАЗАВ СЕРЬЕЗНЫЙ СОЦИАЛЬНЫЙ И ИНСТИТУЦИОНАЛЬНЫЙ КРИЗИС, ВЫНУДИВШИЙ ОТРЕАГИРОВАТЬ ДАЖЕ ВЫСШЕЕ РУКОВОДСТВО СТРАНЫ.

Емханада қандай медициналық қызметтерді тегін алуға болады

Көптеген азамат тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі арқылы қандай қызметтерді алуға болатынын біле бермейді. Ал егер адам өз емханасына тіркелсе, көптеген медициналық көмекті тегін алып, артық шығын шығармай-ақ денсаулығын бақылай алады.

Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар неше күн демалады?

16 желтоқсан - Қазақстанның Тәуелсіздік күні. 2025 жылы бұл мереке сейсенбі күніне түсіп, мереке солі күні аталып өтеді.

Биыл қыс қандай болады?

Қазақстан бойынша 2025 жылғы желтоқсан – 2026 жылғы ақпанға, 2026 жылғы наурызға арналған ауа райының консультативтік болжамы белгілі болды.

Несиені уақытында өтей алмағанда не істеу керек

2021 жылдан бері Қазақстанда қарызын уақытында өтей алмаған азаматтарға арналған сотқа дейінгі бірыңғай реттеу тәртібі қолданыста. Бұл жүйе қарыз алушы мен қаржы ұйымы арасындағы мәселені сотқа жеткізбей шешуді көздейді.