12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Биыл қыс қандай болады?

Қазақстан бойынша 2025 жылғы желтоқсан – 2026 жылғы ақпанға, 2026 жылғы наурызға арналған ауа райының консультативтік болжамы белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК ұзақ мерзімді ауа райы болжамы басқармасының басшысы Жұлдыз Исабекова мәлімдеді.

Алдын ала болжам бойынша республиканың басым бөлігінде қыс мезгілі қоңыржай жылы болады деп күтіледі.

Жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында болжанады. Бірақ кейбір кезеңдерде бұрқасын, екпінді жел, көктайғақ құбылыстары, тұман, мол жауын-шашынның түсуі болжанады. Қыс айларында ауа температурасының ауытқуы жиі байқалады, яғни «температуралық кұбылулар» күтіледі, жылы күндер суық аязды толқындармен алмасады. Жалпы, желтоқсан айы жылы, жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында болады деп күтіледі, — деп атап өтті басқарма басшысы.

Атап айтқанда:

айлық орташа ауа температурасы:

республиканың басым бөлігінде нормадан 1–2°С жоғары,

оңтүстік-шығыс жартысында (Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында және Жетісу облысында, Қарағанды және Абай облыстарының оңтүстігінде, Қызылорда және Ұлытау облыстарының оңтүстік-шығысында) норма шамасында деп болжанады.

Желтоқсан айындағы жауын-шашын мөлшері:

Елдің негізгі бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық нормамен шамалас болады деп күтіледі.

Ал Қызылорда облысының көп аумағында, сондай-ақ Ақтөбе облысының оңтүстік-шығыс жағында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында және Ұлытау облысының батысында түсетін ылғал нормадан төмен болуы мүмкін.

Жауын-шашын елдің басым бөлігінде, бұрқасынмен, дауылды желмен, көктайғақпен және тұманмен күтіледі, оңтүстік циклондардың әсерінен кей күндерде аралас жауын-шашын, яғни ылғалды қар, жаңбыр түрінде түсуі мүмкін. Антициклонның әсерінен жекелеген кезеңдерде жауын-шашынның тоқтауы болжанады, яғни ашық аязды күндер орнығады, — деді Жұлдыз Исабекова.

Айта кетерлігі, желтоқсандағы ең қарқынды суық толқын бірінші онкүндіктің соңында күтіледі. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы түнде 23-28°С аязға, күндіз 13-18°С аязға дейін төмендеуі мүмкін.

Екінші және үшінші онкүндіктерде түнде температуралық фон 15-20°С аяздан 5-10°С аязға дейін, күндіз 3°С аяздан-2 жылыдан 5-10°С аязға дейін, шығыста – кейбір күндері ауа температурасы түнде 25-35°С аязға дейін, күндіз 15-20°С аязға дейін төмендейді.

Батыста және елдің оңтүстік жартысында айдың басында температураның жоғарылауы күтіледі: күндіз 5-10°С жылы, бірінші онкүндіктің соңында ауа температурасының түнде 12-17°С аязға, күндіз 3-8°С аязға дейін біртіндеп төмендеуі болжанады. Содан кейін ауа температурасының түнде 0-5°С аяздан 7-12°С аязға дейін ауытқуы күтіледі, күндіз 0-8 °С жылы шамасында күтіледі.

Қаңтар айындағы ауа температурасы

Республика аумағының басым бөлігінде норма шамасында; республиканың шығысында нормадан 1°С төмен болады деп болжанады (Абай, Жетісу облыстарында, Алматы облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Павлодар облыстарының шығысында).

Жауын шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде норма шамасында, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нормадан көп күтіледі (Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында).

2026 жылдың ақпан және наурыз айлары жылы болады деп күтілуде. Жауын-шашын мөлшері қалыпты, тек наурызда республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда нормадан көп (Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының, Жетісу облысының және Шығыс Қазақстан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында)

Қорытындылай келе, қатты жауын-шашынның түсуіне және қардың еру кезеңдерімен аязды ауа райының жиі өзгеруіне байланысты топырақта және қар жамылғысында мұз қабыршығы пайда болатынына ерекше назар аударамыз. Мұның бәрі 2026 жылғы су тасқыны кезеңінің өтуіне кері әсер етуі мүмкін, — деп түйіндеді «Қазгидромет» өкілі.

Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар неше күн демалады?

16 желтоқсан - Қазақстанның Тәуелсіздік күні. 2025 жылы бұл мереке сейсенбі күніне түсіп, мереке солі күні аталып өтеді.

Несиені уақытында өтей алмағанда не істеу керек

2021 жылдан бері Қазақстанда қарызын уақытында өтей алмаған азаматтарға арналған сотқа дейінгі бірыңғай реттеу тәртібі қолданыста. Бұл жүйе қарыз алушы мен қаржы ұйымы арасындағы мәселені сотқа жеткізбей шешуді көздейді.

13 жастан қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін

Швеция жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық қылмыстарының көбеюіне байланысты қылмыстық жауапкершілік жасын 15-тен 13-ке дейін төмендетуді көздеп отыр.

Дипломатия больших проектов 

В МОСКВЕ ЗАВЕРШИЛСЯ ОФИЦИАЛЬНЫЙ ВИЗИТ ПРЕЗИДЕНТА КАЗАХСТАНА КАСЫМ-ЖОМАРТА ТОКАЕВА, ПО ИТОГАМ КОТОРОГО ЛИДЕРЫ КАЗАХСТАНА И РОССИИ ПОДПИСАЛИ ДЕКЛАРАЦИЮ О ПЕРЕХОДЕ ДВУСТОРОННИХ ОТНОШЕНИЙ НА УРОВЕНЬ ВСЕОБЪЕМЛЮЩЕГО СТРАТЕГИЧЕСКОГО ПАРТНЕРСТВА И СОЮЗНИЧЕСТВА. В ХОДЕ ПЕРЕГОВОРОВ ГЛАВЫ ГОСУДАРСТВ ОБСУДИЛИ РАЗВИТИЕ ЭКОНОМИКИ, ТРАНСПОРТА, ЭНЕРГЕТИКИ, ГУМАНИТАРНОЙ СФЕРЫ И ВЫСОКИХ ТЕХНОЛОГИЙ, ЗАКРЕПИВ ДЕСЯТКИ КОНКРЕТНЫХ ИНИЦИАТИВ, ПРИЗВАННЫХ РАСШИРИТЬ СОТРУДНИЧЕСТВО И УКРЕПИТЬ СТРАТЕГИЧЕСКОЕ ПАРТНЕРСТВО НА ДОЛГОСРОЧНУЮ ПЕРСПЕКТИВУ.

Жол ережесі: енді ескертуді елемей жолға шыққандар айыппұл төлейді

Келер жылдан бастап жол жабылған кезде ескертуді елемей жолға шыққан жүргізушілерге салынатын айыппұл мөлшері 129 мың теңгеге дейін өседі.