БІЛІМ МЕН ДАНАЛЫҚТЫҢ АЛТЫН БЕСІГІ – ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ 91 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙЛІ БЕЛЕСІН ҚАРСЫ АЛМАҚ

Жақында еліміздің жетекші университеті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрыл­ғанына 91 жыл толғалы отыр. 1934 жылдың 15 қаңтары Қазақстандағы тұңғыш көп салалы универ­ситеттің ресми ашылу күні болып саналады. Университет құрылғаннан бері Қазақстанның әлеуметтік-саяси өміріне және экономикасына зор үлес қосып келеді. Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық ғылым және білім беру кеңістігінде өзінің лайықты орнын алып, жоғары білім саласындағы әлемдік көшбасшы уни­верситеттің біріне айналды.

Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады: 2000-нан астам профессор, докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары, 100-ден астам академиялардың академиктері, 30-ға жақын Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткерлері, 30-дан астам Қазақстан Республикасының мемлекеттік және атаулы сыйлығының лауреаттары, сондай-ақ 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаттары мен 45 мемлекеттік ғылыми стипендиялардың стипендианттары еңбек етеді. Университетте 25 мыңнан астам студент пен көпсалалы жоғары кәсіби білім жүйесі бойынша магистранттар білім алуда. Сондай-ақ заманауи халықаралық білім бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша әлемнің ең ірі 400-ден аса халықаралық жоғарғы оқу орнымен ынтымақтастық орнатқан.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – студенттерінің кемел келешегінің кепілі. Университеттің академиялық жетістіктерге, зерттеулерге және инновацияларға деген ұмтылысы оны әлемдік деңгейдегі оқу орны ретінде бекітті. Оның түлектері болашақ мансабында табысқа жетуге жақсы дайындалған және олардың зерттеулері әлемдегі ең өзекті мәселелерді шешуге көмектесуде. Соңғы үлгідегі базалары және мансаптық мүмкіндіктерімен ҚазҰУ студенттердің академиялық және кәсіби мақсаттарына жету үшін тамаша, әрі таптырмас орын болып отыр. Құзыретті әрі білікті түлектер желісі және инновациялар мен кәсіпкерлікке үнемі назар аудара отырып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті алдағы уақытта да жоғары білім беру саласындағы көшбасшы болып қала беретініне сеніміміз мол. Ғасырға жуық тарихы бар унивеситет мемлекетіміздің асыл қазынасы- білімге құмар адам баласына сапалы білімі мен ғылымға баулитын орнын іргелендіріп, әрі қарай дамыта беретіні күмәнсіз.

                                                                                                                                                                                                                                                                      Мухамадиева Г.Н.   Ергали А.М.

Жақыш А.Ж.   Тлепбергенов О.Н.

Досумбекова М.Т.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің

 қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және

криминалистика кафедрасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...

ПРЕСТУПЛЕНИЕ: ОТ СООБЩЕНИЙ К ПОХОРОНАМ

ДОЛГОЕ ВРЕМЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ ОТСУТСТВОВАЛО САМО ПОНЯТИЕ СТАЛКИНГА КАК САМОСТОЯТЕЛЬНОГО ПРОТИВОПРАВНОГО ДЕЯНИЯ. НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО ЖЕРТВЫ НЕРЕДКО СООБЩАЛИ О НАВЯЗЧИВЫХ ЗВОНКАХ, ПОСТОЯННОЙ СЛЕЖКЕ, УГРОЗАХ И ПРЕСЛЕДОВАНИИ, ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫЕ ОРГАНЫ БЫЛИ...