Алматыдағы балалар колониясының мамандары студенттерге заң тақырыбында дәріс өткізді

 Бүгінде жастарға құқықтық тәрбие берудің олардың болашақта құқық бұзушылықтар мен қылмысқа ұрынбай, өмірден өз орындарын табуларына ықпал ететіні сөзсіз.Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекеменің режим және күзет бөлімі бастығының орынбасары әділет майоры Мақсат Мұратбаев пен тәрбие бөлімінің қызметкері Еркегүл Жеңісхан Алматы технология және флористика колледж директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанар Мухамедкеримова Ахметжанова ұйымдастырумен «Заңдылық және құқықтық тәртіп» деген тақырып төңірегінде өткен сабақтың мақсаты – жеткіншектердің құқықтық сауатын арттыру, Мемлекет басшысының елімізде «Заң және тәртіп» қағидатын біржола орнықтыру туралы тапсырмасына үн қосу. «Жастарға заң мен тәртіп туралы ұдайы әңгімелеп отырудың артықтығы жоқ. Өйткені құқықтық тәрбие олардың болашақта заң бұзбай, қылмысқа ұрынбай, жақсы өмір сүруіне, қоғамнан өз орнын табуына ықпал етері сөзсіз. Біз бүгін студенттерге баршамыз заң мен тәртіпті сақтай білсек, еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуына да үлес қоса алатынымыз жайлы да айттық», – дейді әділет майоры Мақсат Мирахунұлы. Балалар колониясының өкілдері студенттердің заң, құқық, азаматтық жауапкершілік тұрғысында қойылған сауалдарына да жауап берді.

                                                            №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

Семья, школа и общество

ВО ВСЕХ ШКОЛАХ КАЗАХСТАНА ДО КОНЦА СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА...

Оценка – не только цифра

С 23 ПО 30 СЕНТЯБРЯ В ШКОЛАХ ПРОХОДИТ ПЕРВЫЙ...

Афера с призами

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ СОВРЕМЕННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ И СОЦСЕТЕЙ ЧРЕВАТО ПРОБЛЕМАМИ. ОБ ЭТОМ...

Новый AI-центр

В НОВОМ ЦИФРОВОМ ЦЕНТРЕ, КОТОРЫЙ НАЧАЛ РАБОТУ В ШЫМКЕНТЕ,...

В погоне за легким заработком

АГЕНТСТВО ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН СООБЩИЛО О ПРЕСЕЧЕНИИ...