Интернет алаяқтық және Кызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты тәжірибесіндегі өзекті мәселелер

Бүгінгі таңда қоғамның цифрлық кеңістікке бейімделуі күн санап артып келеді. Онлайн төлемдер, интернет-дүкендер, әлеуметтік желілер және түрлі цифрлық платформалар адамдардың өмірін жеңілдетіп, уақыт үнемдеуге мүмкіндік беруде. Алайда осындай мүмкіндіктермен қатар жаңа қауіп те туындады интернет алаяқтық.

Бұл құбылыс бүгінде еліміздің әр өңірінде, соның ішінде Қызылорда облысында да кеңінен таралып отыр. Интернет арқылы жасалатын құқық бұзушылықтардың күрделенуі мен олардың азаматтардың құқығына әсері сот тәжірибесінде де жиі көрініс табуда.

Интернет алаяқтықтың мәні мен кең тараған тәсілдері . Интернет алаяқтық бұл азаматты алдау немесе сенімге кіру арқылы оның мүлкін немесе ақшасын заңсыз иемдену әрекеті. Мұндай құқық бұзушылықтар көбінесе әлеуметтік желілер, банктік қосымшалар, электрондық пошталар мен мессенджерлер арқылы жүзеге асырылады.

Алаяқтар өздерін банк қызметкері, мемлекеттік орган өкілі немесе интернет-дүкеннің сатушысы ретінде таныстырып, азаматтардың жеке мәліметтерін сұрайды. Кейде «жеңіл несие», «жоғары табыс әкелетін инвестиция» немесе «жұмысқа орналастыру» сияқты жалған уәделермен де адамдарды алдайды. Бұл әрекеттердің салдарынан азаматтар қаржылық шығынға ұшырап, психологиялық тұрғыдан күйзеліске түседі. Ең бастысы қоғамда сенім дағдарысы пайда болады.

Кызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының рөлі. Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты мұндай істер бойынша азаматтардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік органдардың әрекетіне шағымдарды қарау және процессуалдық әділдік қағидатын қамтамасыз ету бағытында белсенді жұмыс атқарып келеді. Әкімшілік процестік-процедуралық кодексінің негізінде сот азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларды қарап, заңдылықты және әділдікті басты қағида ретінде ұстанады. Сот азаматтың конституциялық құқығы  жеке өмірге қол сұқпаушылық принципін қорғайды.

Интернет алаяқтықтың салдары ауыр және ол тек әкімшілік сипаттағы құқық бұзушылық емес, кей жағдайда қылмыстық жауапкершілікке де әкеледі. Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жасалған алаяқтық үшін айыппұл, қоғамдық жұмыстар, тіпті бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ал әкімшілік соттар көбінесе осы процестерге байланысты азаматтың шағымдарын, полиция әрекетіне наразылықтарды, немесе іс жүргізу тәртібін бұзу деректерін қарайды. Бұл сот органдарының қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайтудағы маңызын айқындайды.

Интернет алаяқтықтың алдын алудың ең тиімді жолы  азаматтардың ақпараттық және құқықтық сауаттылығын арттыру. Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты өз тәжірибесінде де бұл мәселеге ерекше назар аударады.

Сот тәжірибесі көрсеткендей, көп жағдайда алаяқтардың құрбаны болған азаматтар өз деректерін сақтамайды, күмәнді сілтемелерге өтеді, немесе өз еркімен кодтар мен парольдерді бөліседі. Сондықтан әрбір азамат интернеттегі жеке ақпаратын қорғауға жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Интернет алаяқтық  бүгінгі қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі. Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты осындай істерді қарау арқылы азаматтардың құқықтарын қорғап қана қоймай, мемлекеттік органдардың ашықтығын және заң үстемдігін қамтамасыз етуге үлес қосып келеді. Әрбір азамат өз құқығын білуі және цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруы қажет. Тек осылай ғана біз интернет алаяқтықпен күресте нақты нәтижеге жете аламыз.

Гажданбекқызы Гүлсезім,   Қызылорда облысының мамандандырылған              

  ауданаралық әкімшілік сотының жетекші  

  маманы

«Кемел Тоқаев» ордені: Қайрат Закирьянов ерекше марапатқа ие болды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт...

Тұңғыш Президент саябағында Наурызды бірге қарсы алайық!

Алматы қаласының тұрғындарымен қонақтары, сіздерді 21-ші Наурыз 13:00-де Бостандық...

Казахстан обошёл Францию и Сингапур в мировом рейтинге счастья 

Страна показала высокие результаты в доверии и взаимопомощи. Казахстан занял...

Қазақстан Франция мен Сингапурды басып озып, әлемдік бақыт рейтингінде алға шықты

Қазақстан World Happiness Report 2025 рейтингінде 33-орынға тұрақтап, Францияны...

Әдеп жөніңдегі уәкілдің профилактикалық іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 18 наурыз айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...