2025 жылғы 11-14 қараша күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Сұлтан ибн Абдулазиз Әл Саудтың халықаралық тілдік дайындық бағдарламасы аясында «Араб тілі апталығы: Орталық Азияда / Қазақстанда» халықаралық апталығы «Исламтанулық және дінтанулық зерттеулерді жүргізудегі араб тілін үйретудің ерекшеліктері» тақырыбында өткізіледі.
ИСЕСКО ұйымының жетекші сарапшылары семинарлар мен шеберлік сабақтарын өткізеді. Талқылауларда араб тілін оқытудағы инновациялық әдістер, исламтану және дінтану саласындағы ғылыми коммуникациялар, сондай-ақ араб тілінің мәдени және рухани құндылықтарды жеткізудегі рөлі қарастырылады. Сонымен қатар исламтану мен дінтану саласындағы зерттеу тәжірибелері және тіл мен мәдениеттің өзара байланысы талқыланады.
Бұл жоба Қазақстан мен Ислам әлемі арасындағы ғылыми және мәдени ынтымақтастықты тереңдетіп, араб тілін рухани және ғылыми интеграцияның маңызды құралы ретінде дамытуға бағытталған.
Ұйымдастырушылар: Сұлтан ибн Абдулазиз Әл Сауд қайырымдылық қоры және Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам әлемі ұйымы (ИСЕСКО)
Серіктесі: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясттану факультеті
Халықаралық апталықтың ашылу салтанатына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, профессор Жансейіт Түймебаев, Қазақстан Республикасындағы Сауд Арабиясы Корольдігінің Елшісі, профессор Файсал бен Ханиф әл-Қахтани, Сұлтан бен Абдулазиз Әл Сауд қайырымдылық қорының бас директорының орынбасары, доктор Абдулазиз әл-Мақуши мен қордың кейінгі операциялар бөлімінің бастығы, доктор Сүлейман әл-Омари, ИСЕСКО ұйымының өкілі, доктор Анас Хусам ан-Нуайми, шығыстанушы ғалымдар, докторанттар мен магистранттар қатысады.


